Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 14 қазан күні «Өзгеге өмір сыйла» акциясы өтеді. Қиындыққа тап болып, түрлі ауруға шалдыққан науқастарға көмек ретінде ұйымдастырылған шара ертең сағат 10:00-де облыстық қан орталығында басталады.
Донор — өз қанын науқасқа бере отырып, өзгеге өмір сыйлайтын адам. Ол 18 жастан асқан дені сау, медициналық тексерістен өткен қан тапсыруға ерікті азамат болуы тиіс.
Аталған акцияға барша оңтүстікқазақстандықтарды қан тапсыруға шақырамыз.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі