Осы тізімдегі нәрселерді аздаған көлемде, бірақ күн сайын жасаңыз. Қал-ахуалыңыз бен көңіл күйіңіздің өзгергенін көріп таң қаласыз!
Сезімдеріңізді білдіріңіз.
Сүйіктіңізді құшақтап, жүрек шымырлататындай смс-хабарлама жазыңыз, кішігірім тосынсый әзірлеңіз. Жақын адамыңызға титтей де болса, көңіл бөлудің өзі оны қуантып қана қоймай, өзіңіздің рухани күйіңізді де реттейдң. Бұл 120 жұп арасында зерттеу жүргізген Швейцария ғалымдарының пікірі.
Ұйқыны жақсылап қандырыңыз.
Өйткені аз ұйқтау иммунитетті түсіріп, гипертония, сусамыр дерті, жүрек ауруларының өршу қауіпін тудырады. Сондықтан да ұйқыға мән беріңіз.
Жатын бөлмеде теледидар болмасын, ұйқыға жатар алдында теледидар көру – тынышсыздыққа соқтырып, көз ілуді қиындатады.
Тұтастай қараңғы бөлмеде ұйқтаңыз.
Өзек.
Өзекті (өсімдік жасушаларының ұлпа қабығы құралатын зат) көп жеңіз. Бұл қан құрамындағы холестерин мөлшерін кемітудің, жүрек қантамырлары аурулары мен диабетті болдырмаудың, сондай-ақ, салмақты қалыпта ұстаудың ең жеңіл түрі. Ақ ұннан әзірленген: кеспені, күрішті, нанды қатты бидай сортынан жасалған тағам түріне ауыстырыңыз. Ірі дәнді дақылдар, астық тұқымдастар, бұршақ, жаңғаұты пайдаланыңыз, жеміс-жидек пен көкөністі көп жеңіз. Аз уақытта сіз денеңіздің күшті, деніңіздің сау болғанын байқайсыз.
Көзіңізді сақтаңыз.
Жеміс-жидек пен көкөністің күнделікті үш порциясы (1 порция – 1 8лкен алма6 1 апельсин, 200 г көкөніс) катарактаны болдырмаудың алғышарты. Ас мәзіріне майлы балықты қосыңыз – сонда сіз көз ауруларының өршу қауіпін 4 есеге кемітесіз!
Омыртқаңызды сақтаңыз.
Жұмыс орнында ұзақ отыратын адамдардың барлыңы да, ерте ме, кеш пе әйтеуір бір арқасының ауырғанын байқай бастайды. Бұл омыртқаға зақым келгендігін білдіретін дабыл. Арқа бұлшықеттерін нығайтудың бірнеше қарапайым жаттығуларын жиі жасап тұрсаңыз (күніне 3 рет, аптасына 5 күн) бір немесе жарты айдан кейін-ақ жеңілдікті сезінесіз.
Жамбас бұлшықеттерін күшейтіңіз.
Мұны күнделікті жуыну мен тіс шаю тәрізді дағдыға айналдырыңыз. Егер ұдайы жасап тұрсаңыз үш айдың ішінде өзгерісті сезінесіз.
Жиі серуендеңіз.
Бұл тек жүрекке ғана пайдалы емес, артық салмақтан арылуға да көмектеседі. Алдымен адым өлшеуішпен күніне қанша қадам басатыныңызды анықтап алыңыз. Бұған қосымша бірнеше күн бойы 1500 адамды қосып отырыңыз. Содан кейін бұл көрсеткішке аптасына 500 адым қосасыз. Осылайша тез арада салмақ тастайсыз. Іске сәт!
Айсұлу Тұрсынбаева
http://qamshy.kz/