АЛТЫНОРДА
Новости

Парижде атыста бір полицей оққа ұшты

Француз полициясының хабарлауынша, бүгін Париждің оңтүстігінде атыс болып, бір полицей оққа ұшты. Атыстың 7 қаңтарда сатиралық Charlie Hebdo журналына жасалған шабуылмен байланысы бар-жоғы белгісіз.

iTELE телеарнасы таратқан хабарда атыстан кейін екі полицейдің жерде жатқаны көрінеді.

Қаңтардың 7-сі күні Парижде Мұхаммед пайғамбарды карикатуралаған Charlie Hebdo журналы редакциясына қарулы үш адам шабуыл жасап, одан 12 адам қаза тапқан, он шақты адам жараланған. Қаза тапқандардың қатарында журналдың шеф редакторы Стефан Шарбонье, карикатуристер Жан Кабу, Жорж Волынски, Бернар Верлак пен екі полицей бар.

Оқиғадан соң шабуылға сезікті үш адамның бірі Хамид Мурад (18 жаста) ұсталған. Қалған екі күдіктіні — ағайынды Шериф Куачи (32 жаста) мен Саид Куачиді (34 жаста) полиция іздеп жатыр.

Франция қайғылы оқиғаны теракт деп бағалап, қаңтардың 8-ін аза тұту күні ретінде жариялаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150108/330/330.html?id=26782515