Қоғамда кеңінен талқыланып жүрген педофилдерді химиялық піштіру мәселесі үкімет деңгейінде қарастырылып жатыр. Бұл туралы Қазақстан ІІД әкімшілік ювеналды полиция комитеті бөлімінің басшысы Әсет Оспанов Орталық коммуникация қызметінің брифингісінде мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz.
Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында, 2010 жылғы кәмелет жасына толмағандарды зорлаған адам үшін 10 жыл түмреге кесетін жазаны ауырлатып 15 жыға дейін қамауға алуды тағайындамақ. Сонымен қатар, 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерді зорлаған қылымысерді 20 жылға қамау жазасы енгізілмек. “Ана мен баланы қорғауға қатысты Елбасының тапсырмасы шеңберінде ағымдағы жылдың қаңтарынан күшіне енген жаңа Қылмыстық кодексте де кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасағандардың жазасы қатайтылды. Ал химиялық піштіруге келетін болсақ, бұл мәселе парламент деңгейінде қарастырылып жатыр. Әзірге бұл мәселе тек талқылау деңгейінде”, – деп мәлімдеді Оспанов.
Ал заңгер Сергей Уткин болса, “Астана” арнасына берген сұхбатында әлсіз құқық қорғау жүйесі әзірге Қазақстанда педофилдерді химиялық піштіру жазасын енгізуге мүмкіндік бермейтінін айтты. Дегенмен, Конституция мұндай заңды қабылдауға тыйым салмайды. Заңгердің айтуынша, егер педофилдерді күштеп піштіру жазасы енгізілсе, тергеу органдары тарапынан “қателіктер” орын алуы ғажап емес. Полицейлер қылмыстың ашылу деңгейін көтеру мақсатымен кінәсіз адамдарға жала жабуы мүмкін дегенді заңгер жоққа шығармады. Оның ойынша, қазіргі тергеу мен соттың деңгейінде зорлыққа барғандарды піштіру жазасын енгізу дұрыс емес.