Қаржы тапшылығына байланысты Павлодар облысындағы 175 мектеп пен колледжде интернет өшірілді деп мәлімдеді облыстық білім басқармасы.
Облыстық білім басқармасы мәлімдеуінше, оқу орындарын интернетпен қанымдауды қаржыландыру осыған дейін мемлекеттік бюджеттен төленген, енді ол облыстық басқармаларға тапсырылған. Қазір мектептер мен колледждер интернетке қосылу ақысына қаржы табу жолын қарастырып жатыр.
Интернет жоқтығынан Павлодар облысындағы оқу орындарында электронды оқулықтар, интернет зертханалар мен интерактивті тақталарды қолдану тоқтатылды.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150206/330/330.html?id=26833541