АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Павлодарда «Здравствуй, столица» әнінің авторы қамауға алынды

photo_24462Павлодарда «Здравствуй, столица» әнінің авторы Серік Мұсалимов мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға 20 тәулікке қамауға алынды, — деп хабарлайды pavlodarnews.kz Павлодар облыстық әкімшілік сотының баспасөз хатшысы Жұмажан Ерболатқа сілтеме жасап. Үкім заңды күшіне енбеді.

«22 қаңтарда сағат 3.30-да Мұсалимов куәлігі жоқ бола тұра, Mercedes-Benz маркалы көлік құралын Есеналиев көшесінің бойымен алкогольге мас күйінде жүргізген», — деп хабарлады Ерболат. Ол әртістің мас болғанын сараптамадан анықталғанын хабарлады. Мұсалимов болса өз кінәсін сотта мойындаған.

Әкімшілік полиция инспекторы Бибол Жұмановтың айтуынша,жол-қозғалысы ережесін бұзу мен сотқа дейінгі ай бойында полицейлер Мұсалимовтың осыған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған-тартылмағанын сұрап, сұраныс жіберген. Сонымен қатар, әнші екі рет гастрольге де шығыпты.
http://kaz.tengrinews.kz/