ПАВЛОДАР. 27 наурыз. Baq.kz — Павлодарда жас музыканттардың 47-ші республикалық фестиваль-байқауы басталды. Бұл туралы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Фестиваль ҚР БҒМ қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы және Павлодар облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өтеді.
Байқау көрнекті қазақ композиторы, КСРО-ның халық әртісі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналады.
Мұқан Төлебаев оркестрлік және камералық шығармалар, 50-ден астам өлеңдер мен романстардың авторы. Халық әндерін өңдеп, М. Әуезов атындағы қазақ драма театрының спектакльдеріне, фильмдерге арнап музыка жазған белгілі композитор.
Фестиваль-байқауға республиканың әр аймағынан келген музыкалық мектептердің 500-ден астам тәлімгерлері мен тәжірибелі оқытушылары қатысады.
Жас пианистер, балалар хоры бақ сынасатын шығармашылық сайыс үш күнге созылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, байқау шеңберінде педагогтардың біліктілігін шыңдауға бағытталған арнайы шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.
Наурыздың 28-інде музыкалық колледждің концерттік залында фестивальдің жабылу салтанаты өтеді. Рәсімде байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталатын болады.
http://baq.kz/news/25317