АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Печенье» жеген қасқырды көрдім!

каскыр«Біз не көрмедік?» дегендей демалыс күні өмірімде тұңғыш рет хайуанаттар паркіне барып нешетүрлі сұмдық көріп қайттым. Көп енді! Ең масқарасы, «печенье» жеген қасқырды көрдім! Лақтырған пішінәйді асалақтап, қағып алып жұтқанда күлкіден өліп қалдым. Еттен басқаны жемейтін,жортуылы түзде өтетін бұл «кісі» туралы ой биік қой. Қайдан білейін? «Қасқыр кісі көзінше жемтігін жемейді», «Түз тағысының аштыққа дәті берік келеді» деп жататын еді ғой, баяғыда. Мына қасқырлардың бойында тәкаппарлықтан, сырттандықтан, сұстан түк қалмаған! Кәдімгі жалмаңдаған асыранды иттер сияқты. «ее, аштық жеңген екен ғой» дедім, аянышты, қорғансыз халдеріне қарааап тұрып. Негізі қазақ қасқырға тән қасиеттерді өзіне үлгі еткен емес пе? Демек, әркімнің (ол адам болсын, қасқыр болсын) өзіндік болмысын, өзіне тән қасиетін сақтап қалуы да үлкен ерлік екен ғой…

 

Әлия Құдайбергенова

http://masa.kz