АЛТЫНОРДА
Новости

Петр Порошенко: Шиеленісті реттеу жоспарым бар

Украинаның жаңа сайланған президенті Петр Порошенко өзін ұлықтау салтанатынан соң Украинаның шығысындағы шиеленісті шешудің бейбіт жоспарын жариялайтынын мәлімдеді. Шиеленісті реттеу үшін ол билікті орталықсыздандыру, жергілікті билік орындарына сайлаулар өткізу және жаппай рақымшылық жариялау жоспары барын айтады.

Петр Порошенко бұл жоспарын 4 маусым күні Польшаға барғанында АҚШ, Канада және Еуропа елдерінің басшыларымен талқылағанын айтты. Оның сөзінше, талқылаулар осы аптаның соңында Францияда, аталған елдердің басшылары екінші дүниежүзілік соғыста одақтас елдердің Нормандияға әскер түсіру оқиғасына 70 жыл толуына арналған жиынға барғанда жалғаспақ.

Варшавада баспасөз жиынында Порошенко Францияда өзінің Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу жоспары жоғын, бірақ жолығып қалуы мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты. Нормандиядағы шараға Путин де барады.

Порошенконы ұлықтау салтанаты 7 маусым күні Украина парламентінде өтеді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140605/330/330.html?id=25410696