Ата-баба аманатына берік ұлттық мемлекет қабырғасының сөгілмеуі Абылай батыр есімімен де байланысты. Абылай үш жүзді 18-ғасырда Жоңғария хандығы мен Маньчжур империясына қарсы күресте біріктіруде орасан зор үлес қосты. Жоңғарлар иемденіп алған жерлерді азат ету үшін күш-жігерін жұмсады. Қазақ мемлекеттігін сақтауға күш салып, көрші мемлекеттермен саяси, экономика, сауда байланыстарын нығайтты.
Академик В.Бартольд: “18-ғасырдағы хандардың ең құдіреттісі Абылай болды”, – деген. Абылай хан Петропавл қаласының салыну тарихында өзіндік рөл атқарды. Оның талабымен әулие Петр бекінісі қабырғасында Сібірдегі ірі жәрмеңке мен кеден ашылды. Казактардың дала тұрғындарының малын тартып әкету және жер учаскелерін басып алу әрекетін тоқтату, басқа да маңызды мәселелерді талқылау үшін ханның ордасын салу қажет болды.
Ресей патшасының тапсырмасымен 1765 жылы Есіл өзенінің жоғарғы жағындағы Енқыстау тауында Петрдің бекінісі жанынан Абылай ханның Ордасы салынған. 2008 жылы қайтадан қалпына келтірілген Орданы ашу салтанатында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: ”Халықтың ұйытқысы болған Абылай ханның ерліктері қазақ рухын қайта түлетудің алтын діңгегіне айналды”, – деген еді. Қызылжардың қырында Абылайдың жеке шаруашылығы болды. Абылай хан Ордасында маңызды мемлекеттік істерді атқарған. Сондықтан Петропавл қаласын “Абылай сұлтан Ордасы” деп өзгерту керек.
Көршілес мемлекеттер өз елінің тағдырын анықтаған шешуші шайқастардағы күнді ресми түрде мереке күні деп жариялаған. Біз үшін 1812 жылғы Бородино шайқасы, 1815 жылы А.Веллингтонның ағылшын-голланд және Г.Блюхер басқарған Пруссия әскерлері Наполеон армиясын талқандаған Ватерлоо шайқасы, 1943 жылғы Сталинград түбіндегі жеңіспен Аңырақай шайқасының маңызы бірдей. 1326 жылдан бастап 500 жыл бойы Азия, Африка, Еуропаны мекендеген халықтарды Османлы империясы езгісінде ұстаған түріктер бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін грек әскерінің қоластында қалды. 1922 жылғы 30 тамыз грек әскерін жеңген күнді түріктер ұлттық мереке – Жеңіс күні деп тойлайды.
1396 жылдан Османлы империясының езгісінде болған Болгария орыс-түрік соғысынан кейін 1885 жылы ерікті ұлт мемлекетін құрды. Болгарияда 3 наурыз ұлттық мереке – Осман езгісінен құтылған күн.
Новгород земство старостасы К.Минин мен әскербасы Д.Пожарский 1612 жылы поляк-литва басқыншыларынан Мәскеуді тазартты. Ресей 2005 жылдан бері 4 қарашаны Әскери Құрмет күні – ұлттық мереке ретінде атап өтеді.
Бүгінгі күні Қазан төңкерісі, Кеңес үкіметін құру, екінші дүниежүзілік соғыстағы, соғыстан кейін шаруашылықты өркендетудегі ерен еңбектерді бағалау көмескіленіп барады. Қазақ елінің өз төл тарихы, мәңгі мақтаныш тұтуға лайықты ақберен боздақтары да жеткілікті. Жаудан елді қорғап қалған азаматтар есімін дәріптеу, ұлттық намысты көтеру, ел бірлігін, жас ұрпақ кеудесінде мақтаныш сезімін тудыру – тарихи қажеттілік.
1730 жылғы 4 маусым қалмақ әскеріне тойтарыс берген біріккен қазақ жасақтарының “Аңырақай шайқасындағы” жеңісі күні – Ұлы Отан қорғаушыларының “ұлт-азаттық күні” деп аталса, ел тарихына тағзым болар еді.
Н. Мұхаметқалиев