АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану қауіпті

Сондайа-ақ жаңа жыл мерекесі кезінде өрт сияқты қайғылы оқиға болмас үшін пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау керек.

Жаңа жыл мерекелері – бұл адамдар көп баратын іс-шаралар кезеңі. Өрт статистикасы тап осы жаңа жыл кезеңінде оның арта түсетінін куәландырады. Мерекелерді ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларын қатаң  сақтау  жарақат алуға, мертігуге жол бермеуге, сондай-ақ жаңа жылды аса қауіпсіз қарсы алуға көмектеседі.

Жаңа жылдық мереке өтетін әкімшілік объектілерге ерекше жауапкершілік жүктелді.

Ұйым басшылары адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде келесі шарттарды орындауға тиіс: — кемінде екі эвакуациялау жолымен қамтамасыз етілген және жанғыш далдалары бар ғимараттарда 2-қабаттан жоғары емес орынжайлар ғана пайдаланыады; — шыршалар орындарында мықтап бекітіліп, бұтақтары қабырғалар мен төбеге тимейтіндей және орынжайдан шығуға қиындық келтірмейтіндей есеппен орнатылады; — иллюминацияны Электр қондырғыларын орнату қағидаларын сақтай отырып орындау қажет. Иллюминацияда ақау байқалған жағдайда (сымдардың күюі, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын шығуы) ол дереу сөндіріледі; — іс-шараларды өткізу кезінде залда, сахнада және зал бөлмелерінде жауапты адамдардың, өртке қарсы құралымдар мүшелерінің немесе өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру қажет. Іс-шаралар өткізілетін орынжайлар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет инспекторлары адамдар көп баратын жаңа жылдық іс-шаралар өткізілуі мүмкін жерлерде қызметкерлер құрамы үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы нұсқаулар жүргізеді.

Мыналарға: — орынжайларда өртке алып келетін отшашулар мен өрттің шығуына алып келуі мүмкін басқа да жарықтандырғыш өрт қауіпті әсерлерді өткізуге; — қатарлар арасындағы өту жолының енін қысқартуға және өту жолдарында қосымша креслолар, орындықтар қоюға; — орынжайда қойылым немесе көрсетілім жүріп жатқан кезде жарықты толықтай өшіруге; — орынжайға белгіленген нормадан тыс адамдармен толтыруға жол берілмейді.

Мұндай тұтанулардың басым көпшілігі тұрғын үй секторында болатынын атап өту қажет. Бұл мемлекеттік өрт бақылау тұрғысынан реттелмейтін сала. Статистика бойынша Қазақстанда өрттің 68%-ы тұрғын үй аудандарында болады, мерекелік жаңа жыл күндері бұл сан 82-85%-ға дейін артады.

Жаппай қыдыру кезінде өрт санының күрт өсуін адамдардың психологиялық көңіл-күйімен түсіндіруге болады. Жұмыс күндері жиналып қалған күнделікті күйзелістен арылуға талпынған азаматтар мереке кезеңінде қырағылықтарын айтарлықтай азайтады.

Сондайа-ақ жаңа жыл мерекесі кезінде өрт сияқты қайғылы оқиға болмас үшін пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау керек.

Петрадтар, от шашулар, бенгал оттарын сатып алу кезінде неге көңіл аудару керек? Ең алдымен өнім сертификатталған ба біліңіз, пиротехниканы пайдалану қағидаларымен міндетті түрде танысыңыз. Оларды сақтау және іске асыру мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыз. Қаптамасы тұтас, жыртылмаған ба, қараңыз. Пиротехниканы жіберу кезінде шылым шегуге мүлдем тыйым салынады. Ракеталарды автомобиль тұрақтарының маңайында ұшыруға болмайды. 50 метрлік радиуста өрт қауіпті объектілер болмауға тиіс. Көрермендер от шашуды жіберетін аумақтан 15-20 метрлік қашықтықта, оларға желдің әсерінен түтін мен жанбаған бұйым бөлшектерінің ұшуын болдырмау үшін міндетті түрде желсіз жағынан болуға тиіс. Бұйымдарды қолмен ұстап жіберуге тыйым салынады.      Ең алдымен мемлекеттік өртке қарсы қызмет жанғыш заттар бар жерлерде ашық отты пайдаланбауға кеңес береді. Бенгал оты – ашық от. Өзегіндегі температура 2 мың градусқа жетеді. Сондықтан оларды жанғыш материалдардан алыс қолдану қажет. Пиротехниканың кез келген түрі  — адамның денсаулығына өрескел зиян келтіруі ықтимал қауіпті құрал екенін есте сақтау қажет.

Пиротехникалық бұйымдарды іске асыру республикалық заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген өртке қарсы нормативтік құжаттар талаптарына жауап беретін сауда объектілерінде рұқсат етіледі.ТЖ департаментінің қызметкерлері заңсыз пиротехника саудасы фактілерін анықтау мақсатында барлық өңірлерде ІІД мен БАҚ өкілдерімен бірге пиротехникалық бұйымдарды сақтау және сату орындарында рейдтер жүргізді. Тексеру кезінде өнім сапасына, сертификаттардың бар болуына, сақтау қағидаларына және сатуды жүргізетін орынжайлар нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуына ерекше көңіл бөлінеді.

Мәселен былтырғы жылы Астана, Алматы қалалары мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өртті бақылау  комитеті мен ішкі істер органдарының қызметкерлерімен 72-ге жуық арнайы санкцияланбаған жерлерде сатылған пиротехникалық бұйымдарға рейдтер жүргізілді, 38 пиротехникалық бұйымдар алынды. Ағымдағы жылы аталмыш жұмыстар жүргізілуде және бақылауға алынды.

Әкімшілік құқық бұзушылық Заңы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 1-бөлімі 312-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады  және онда былай қамтылған  «Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi ережелерiмен, құрылыс нормаларымен және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезiндегi ережелермен, ұлттық стандарттармен көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт техникасын, өртке қарсы құрал-саймандарды, жабдықтарды, өрттi табу мен өшiрудiң автоматтық құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау ережелерiн бұзу немесе орындамау, — ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады».

Сондай-ақ қысқы кезеңде кейбір азаматтардың пешпен жылыту кезінде өз үйі мен жақындарының өміріне қауіп төндіріп өрт қауіпсіздік қағидаларын  сақтамайтыны қауіп төндіреді.өрт немесе улы газбен улану «адам факторы» себептері, атап айтқанда адамдардың білместігінен, абайсыздығынан болатынын практика көрсетті. Осылайша 2013 жылғы 11 айда пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан 1049 өрт орын алды, улы газбен улану салдарынан 131 адам қаза тапты.

Сондықтан пешпен жылыту кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын тағы бір рет еске салған артық болмайды: — жылыту маусымы басталар алдында пешті тексеру, жөндеу жіне күйеден тазалау қажет; — пешті тұтандыру үшін бензин, керосин, дизжанармай және басқа жеңіл жанатын жанармай сұйықтықтарын пайдалануға болмайды; — жанып жатқан пешті байқаусыз қалдыруға, ал пешті байқау үшін кішкентай балаларға тапсыруға болмайды; — ағаштар мен көмірді металлдан жасалған от жағу төсемесінде сақтау аса маңызды болып табылады; — пештің қатты қыздырумаңыз.

Сіздің назарыңызды көп жағдайларда өрттің үлкен алаңға таралуына өрт туралы хабарламаны уақытылы бермеуі ықпал ететініне аударғым келеді. Сондықтан өрт орын алған жағдайда дереу өртке қарсы қызметіне хабарлау қажет, содан кейін өртті сөндіру және адамдарды эвакуациялау бойынша шараларды қабылдау керек.

Осы қарапайым қағидаларды орындау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды, жақындарыңызды қорғауға мүмкіндік береді.

2012 жылғы 11 айда тұрғын секторда 9948 өрт, 2013 жылдың  ұқсас кезеңінде 8154  өрт орын алды. Өрттің саны 18%-ға, материалдық шығын 14%-ға азайды.

2012 жылғы 11 айда пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін бұзу салдарынан 1484 өрт орын алды, улы газбен улану салдарынан 133 адам қайтыс болды.

2013 жылғы 11 айда пештерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзу салдарынан 1049 өрт орын алды, улы газбен улану салдарынан 131 адам қайтыс болды.

2011 жылғы жаңа жыл мерекесі  күндері 194 өрт орын алды, 16 адам қаза болды. 2012 жылғы жаңа жыл мерекесі күндері 101 өрт орын алды, 11 адам қаза болды.