АЛТЫНОРДА
Новости

Полтава Кобзонды «құрметті азамат» атағынан айырды

Украинаның Полтава қаласының билігі ресейлік әнші әрі депутат Иосиф Кобзонды «Полтаваның құрметті азаматы» атағынан айырды. Қалалық кеңес Кобзонға 2002 жылы берілген атақты оның «антиукраиналық көзқарасы» үшін қайтарып алуға шешім қабылдаған.

1937 жылы Донецкіде туған Иосиф Кобзон қазір Ресей мемлекеттік думасының депутаты әрі президент Владимир Путиннің Украинаға қатысты саясатын, Қырымның аннексиялануын, Донецк облысындағы ресейшіл сепаратистердің әрекетін белсенді қолдайды.

Қыркүйек айында Днепропетровск қаласы да Кобзонды «құрметті азамат» атағынан айырған еді. Украина қауіпсіздік қызметі Кобзонды елге кіруге тыйым салынған ресейліктердің тізіміне қосқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26710725