АЛТЫНОРДА
Новости

ПРЕЗИДЕНТ ӘЙЕЛІМЕН АЖЫРАСПАҚШЫ

АҚШ-та бұқаралық ақпарат құралдары Барак Обама сүйікті жары Мишель Обамамен ажыраспақ деген жаңалықты жарыса жазып жатыр.

Барак Обаманың Нельсон Мандела жаназасында Дания премьер-министрі Хелле Торнинг-Шмиттпен ойнап-күлген іс-әрекеті оның зайыбының шыдамын тауысқан. Сосын ол дат делегациясының басшысымен бірге бірнеше мәрте суретке де түскен.

Басылымның ақпаратына қарағанда, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасының бұзылғанына бірталай уақыт өткен. Олар біраздан бері бөлек бөлмелерде тұрады. «Көп жылдар бойы олар өздерінің қыздары мен саяси мансап үшін ғана қарым-қатынастарын сақтап қалуға тырысқан», — деп хабарлады АҚШ президентінің отбасын жақсы білетіндер.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/39073