Ресейдің «Роскосмос» агенттігінің хабарлауынша, 16 мамырға қараған түні Байқоңырдан ұшырылған ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышында «штаттан тыс жағдай» болды.
«Экспресс-АМ4Р» ғарыштық байланыс спутнигін тіркеген зымыран тасығышы Байқоңырдан Астана уақытымен түнгі сағат 03:42-де ұшырылған. Зымыран тағысыштан шыққан ақаудан спутник орбитаға шығарылмаған.
«Роскосмос» қазір мемлекеттік комиссия өкілдері төтенше жағдайдың себептерін анықтаумен айналысып жатыр.
http://www.azattyq.org/content/news/25386602.html