[:kz]
10 жасар ингуш баласының Ресей президенті Владмир Путинге жіберген 3 рубль қаржысы өзіне қайтарылып берілді. Тікелей эфирден Ресей президентінің елдегі қаржылық дағдарыс жайлы айтқанын естіген 10 жасар Ислам ақша жинап, жәрдемдесуге бел буған. Осылайша, 3 000 рубль жинаған ол қаржысын хатқа салып, президентке жолдаған.
Ел тағдырына алаңдаушылық білдірген балақайдың таңданысы жазған хатына жауап келген кезде тіптен арта түсті. Мемлекет басшысы оған қолы қойылған хат жолдап, Велосипед пен планшетті сыйлық жолдаған. Сондай-ақ, 3 000 рублін де балақайдың өзі қайта жолдаған.
[:]