Ресей президенті Владимир Путин аборт жасатуды жарнамалауға тыйым салатын заңға қол қойды. Заң жобасын қарашаның басында Ресей мемлекеттік думасы мен Федералдық кеңес депутаттары мақұлдаған еді.
Әйел құқықтарын қорғаушылар «заң жобасы әйелдердің репродуктивті құқықтарын бұзады» деп санайды.
СССР ыдыраған 1991 жылдан бері Ресейде контрацепциялық заттардың көбеюі мен діннің ықпалының күшеюі нәтижесінде аборт жасату азайған еді. Бірақ Ресей әлемде жүктілік көрсеткіші ең төмен ел атанып отыр.
Владимир Путин билікке келген 14 жыл бойы Ресейде СССР құлағаннан кейін азайып кеткен халық санын көбейтуге тырысып, Орыс православ шіркеуінің консервативтік әлеуметтік құндылықтарына қолдау көрсетіп келеді.
Ресейде көпбалалы отбасына үкімет тарапынан ақшалай қолдау көрсетіліп, үгіт-насихат жұмыстарына қаржы бөлінеді.