АЛТЫНОРДА
Новости

Путин Еуразиялық Экономикалық Одаққа ортақ валюта енгізгісі келеді

Путин Еуразиялық Экономикалық Одаққа ортақ валюта енгізгісі келедіРесей президенті Владимир Путин Еуразиялық Экономикалық Одаққа ортақ валюта енгізгісі келеді. Бұл туралы Кремльдің ресми сайтында жарияланған Путиннің тапсырмасында айтылды деп хабарлады uralskweek.kz.

Мекеме мәліметтеріне сай Ресей президенті Үкімет басшыларымен 2015 жылдың ақпанында өткен кеңестен кейін Ресей Банкіне Ресей Федерациясы Үкіметімен және Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерімен бірігіп, Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде алдағы валюта және қаржы саласындағы интеграция бағыттарын айқындап, келешекте валюталық одақ құру мүмкіндігін анықтауды тапсырды.

Есеп беру мерзімі – 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін.

Жауапты ретінде Ресейдің Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина мен Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев тағайындалды.

Источник: NUR.KZ

http://www.qazaquni.kz/?p=34442