АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Путин қазақтың әкесі ме еді?

Ресей Президентінің әйелімен ажырасқаны Қазақстандық БАҚ-тың басты әңгімесіне айналды. Иә, орыстың бір баласы ажырасса ажырасқан шығар. Соған бола бүкіл қазақ баспасөзі әкелері ажырасқандай зар илегені несі? Ең жаманы Путинның ажырасуы туралы кез келген ақпаратты қарап отырсаңыз, өзге бір елдің басшысы емес, кәдімгі қазақтың тізгінін ұстап отырған әлдебір «патшаның» елесі байқалады.

Шындығына келсек, орысқа кеткен қазақтың қақысы көп. Миллиондаған Алаштың қанын суша ағызып, бүкіл қазақ халқын  бүгінгідей өз тілінде сөйлеп, өз сүрлеуімен жүре алмайтын күйге түсірген орыс мемлекеті болатын. Сол қанышер кезеңнің заңды мұрагері қазіргі – Ресей. Оның Президенті – Путин. Ендеше сонша әспейттін ол пақырың қазақтың әкесі ме еді? Керісінше, әлі күнге құлқыны – терең, пиғылы – теріс. Кедендік одақ деген кесірлі ноқта соның айғағы.

Құлша жүгіргеннен шаршайтын уақыт жеткен шығар. Елдік, ұлттық мәселе былай тұрсын, тіпті жат жұрт орыстың отбасында болып жатқан мәселені сонша талқылағанымызға намыстансақ нетті?! Қит етсе, «біздің отар», «тұтас шекара», «экономикалық аймақ» деп шығатын қиямпұрыс көршіні әспеттетпеңдерші. Қалпағымызды атып, жар салатындай Татарстан тәуелсіздік алып, Дағстан жеке мемлекет болып жатқан қой…

 

masa.kz