«Бұл — ортақ шешіміміз», — деді Путин. Ал Людмила Путина: «Мұны өркениетті ажырасу деп атаса да болады», — деді.
Екеуі 1983 жылғы шілденің 28-і үйленген болатын.
«Барлық іс-әрекетім – көпшіліктің көз алдында. Біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Людмила Александровна сияқты адамдар мұндай көпшілік алдында өмір сүруді жайсыз көреді», — деді Путин.
«Бұл – біздің ортақ шешіміміз. Некеміз осылай аяқталды. Өйткені бір-бірімізді мүлдем көрмейміз десек те болады. Владимир Владимирович жұмысбасты адам, қыздарымыз бой жетті. Әрқайсымыздың өз өміріміз бар», — деді Путина.
Олар ажырасу туралы шешімін 6 маусым күні кешкісін Мәскеуде бірге балет қойылымын тамашалап шыққасын «Россия 24» телеарнасы арқылы жария етті.
«Жақын адамдар болып қала береміз. Владимир Владимировичке маған қолдау жасап келе жатқаны үшін разымын», — деді Людмила Путина.
«Людмила Александровна екеуміз жақын болып қала береміз», — дегенді Владимир Путин де қайталады.
Екеуінің Мария және Екатерина есімді жастары отызға таяған екі қызы бар.
Владимир Путин соңғы жылдары әйелімен көпшілік алдына сирек шығатын болып кеткен. Бұл жағдай олар туралы түрлі алып-қашпа әңгіме тудырған еді.
http://www.bnews.kz/kk/videonews/post/142887/