АЛТЫНОРДА
Новости

Путин украин әскерін қоршаудан шығаруға шақырды

Ресей президенті Владимир Путин Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистерді қоршауға алған Дебальцево қаласынан украин әскерінің шығып кетуіне мүмкіндік беруге шақырды. Ақпанның 17-і күні Будапеште сөйлеген Путин Киев «әскердің қаруын тастауына кедергі келтірмеуі тиіс» деп мәлімдеді.

Кеше сепаратистер Дебальцевоның көпшілік бөлігін бақылауға алғанын және сол маңдағы украин әскери бөлімдерін қоршағанын хабарлаған.

Киев Дебальцевоның қолдан кеткенін мойындағанымен, қала үшін ұрыс жалғаса беретінін мәлімдеді. Украина ішкі істер министрлігі бірқатар әскеридің тұтқынға түскенін мойындады, бірақ ресейлік БАҚ-тардың сепаратистер саны көп сарбазды қолға түсірді деген ақпаратын жоққа шығарды.

Соғысып жатқан екі тарап та Минск келісімінің екінші кезеңі саналатын ақпанның 17-сінде қақтығыс аймағынан әскері мен қару-жарағын әкету талабын орындамады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150218/330/330.html?id=26855358