Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасамақ болған қазақстандық Илья Пьянзин өз кінәсін толық мойындады. Осыған орай сот процесі ерекше тәртіпте өтетін болды.Бұл туралы «РИА Новости» хабарлады.
6 қыркүйек күні Мәскеу қалалық соты Илья Пьянзинге қатысты істі қарайды. Күдікті тергеушілермен қызметтестік келісімге отырғандықтан сот процесінде куәгерлерден сұрау алынып, дәлелдерді тексеру жұмыстары жүргізілмейді. Кінәсін мойындап, ресей сотына тізе бүккені үшін Пьянзиннің қорғаушысы соттан 10 жылдан кем мерзім сұрауы мүмкін.
Дуанабай Жолдасбек