АЛТЫНОРДА
Новости

РАМАЗАН АЙЫНДА БАӘ-де АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТЫЛАДЫ

434_2d43083fc9b2fb003b29dca4cdaf1402АСТАНА. 4 шілде. BAQ.kz — Аргументы ру-дың хабарлауынша, Біріккен Араб Әмірліктерінің сауда орталықтары мен әмбебап дүкендерінде азық-түлік өнімдерінің 60 түріне 50% жеңілдік жасалады.  

 Азық-түлік өнімдерінің басқа түрлеріне жеңілдік жасалмаса да, Рамазан айы бойы бағасы көтерілмейді-деп, елдің Экономика министрлігі хабарлады. Ал 50% жеңілдік жасалған тағам түрлерінің жиынтығын жергілікті тұрғындар барлық БАӘ-нің дүкендерінде кездестіре алады.

Сонымен қатар, қайырымдылық мекемелердің ұйымдастыруымен 300-500 дирхам (1$ — 3,67 БАӘ дирхамына тең) сомасының көлеміндегі арнайы купондар таратылады. Бұл купонның арқасында жергілікті халық оразаға арналған тағам өнімдерінің жиынтығын сатып ала алатын мүмкіншіліктері бар.

Muftyat.kz