АЛТЫНОРДА
Новости

Ресей әскері Украина аумағына кіріп кетті

Украинадағы ресейшіл сепаратист. (Көрнекі сурет)Ресей әскері Украина территориясына үш километр кіріп кетіп, сол жерде шеп құрған. Мұны Украина қорғаныс және қауіпсіздік кеңесінің өкілі Андрей Лысенко «Бесінші каналға» сілтеме жасай отырып хабарлады. Қорғаныс және қауіпсіздік кеңесі өкілдері «сепаратистер мұндай әрекет арқылы техника мен жасақтарын Ресейге өткізу үшін дәліз жасамақ болған» дейді.

Лысенконың мәлімдеуінше, «Донецк облысындағы Марьинка елді мекенінде сепаратистердің тұрғын үйлерді атқылауы кесірінен бейбіт адамдар үйінді астында қалып жатыр».

Twitter-дегі куәлер сөзіне қарағанда, сепаратистер Донецк қаласының да тұрғын үйлер ауданын атқылап жатыр. Одан бөлек, олардың қалаға кіріп келе жатқан жолаушылар автобусын тонағаны хабарланды.

Украина қорғаныс министрлігінің дерегіне қарағанда, әскери әуе күштері сепаратистер шебіне шабуыл жасап, әр түрлі типтегі 14 техниканы жойған. Қорғаныс министрлігі сайтында «сенбі күні сепаратистер Украина армиясының Луганск облысындағы Макарово, Александровск, Мариновкадағы қосындарын зеңбіректен атқылағаны» жазылған.

 http://www.azattyq.org/content/news/25455168.html