АЛТЫНОРДА
Новости

РЕСЕЙ: МИГРАНТТАРҒА САЛЫҚ САЛДЫ

90d67072bd992cf132ba8bc68af286c2Өйткені, заңсыз жүрген мигранттарды елдеріне түре қуу біздің қазынадан шығатын шығынның есебінен. Ресейде миграция мәселесін шешудің оңтайлы тәсілдері қарастырылуда. Заңсыз келген келімсектердің санын азайтып, олардан қорғану үшін заңдар мен қарарлар қабылданып жатыр. Солардың бірі қала полицейлерінің ойынан туған, келген мигранттардан қайтар жолының ақысын алу.

 

Ресей депутаттары Алексей Журавлев пен Сергей Жигарев «Ресей федерациясына кіру және Ресей федерациясынан кету» мен «Ресей федерациясындағы өзге ұлт өкілдерінің құқығы» заңнамаларына өзгертулер енгізді. Келімсектердің барлығы алғашқы салым ретінде депозит ашуы тиісті. Бұл қаржыдан заңсыз келген келімсектерді отанына қайтару үшін жол ақысын алып отырады.

Журавлев пен Жигарев визасыз жүрген мигранттарға отыз мың рубль көлемінде миграциялық салық салу керектігін айтты. Олардың ойынша, бұл ел қауіпсіздігін, тыныштығын, қалыпты жағдайда ұстауға септігін тигізеді. Жоба авторының айтуынша, осы қарар арқылы жыл сайын ел бюджетіне 225 млн. рубль көлемінде қосымша кіріс кіріп отырады екен. Сарапшылар бұл ұсынысты «дискриминационды» деп тапты. Себебі заң бұзушылықтың көбі осы босқындар тарапынан келеді.

Орта есеппен алғанда Орта Азия елдерінің заңсыз жүргіншілерін қайтару үшін отыз, қырық мың рубльдей ақша кетеді екен. Мәскеу полицейлерінің есептеуінше, жәй ғана заңсыз келген мигранттың жеке басын анықтауға қырық мың рубль кететіндігін айтқан. Жол пұлын есепке алмағанда. Депутаттар ұсынылған заң жобасы ел бюджетінен қосымша қаржы талап ететінгін де жасырмайды. Дегенмен бүгінгі заңсыз келімсектермен күресуге кететін ақшаға тоқтау салады.

Қазақстан: келімсектер алшаң басады

Елінің экономикалық дағдарысына шыдамаған, көрші мемлекеттерден нәпақа іздеген келімсектер Қазақстанға келіп, нәпақасын тауып жүргені белгілі. Олардың дені көршілес Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстаннан келеді. Негізі Ресейдегідей келімсектерге қатысты нақты заңды біз де қабылдасақ артық болмас еді. Оның бірнеше себебі бар. Мәселен, тіл білмей келіп, орыс тілінде сайрап, күнін көріп жүргендер қаншама?! Бұл үйренуді қиынсыну емес, түптеп келгенде елге, жерге, менталитетке деген сый-құрметтің жоқтығы. Мұны біріншіден десек, екіншіден, мемлекет қауіпсіздігі.  Бүгінде елінен безіп, заңсыз келген босқындар қылмыстық әрекетке жиі барады. Солардың бірі жуырда болған қанды оқиға. Білдей бір отбасын кәрі-жасына қарамай аяусыз қырып салған өзбек азаматының істеген ісі жан түршігерлік. Бұл біз білетін мысал, біз біле бермейтіндер қаншама?! Осылай бей-берекет келіп, елімізді қыра берсе, өзі аз еліміздің несі қалмақ? Үшіншіден, Ата заңда бекітілгендей, зайырлы мемлекеттігімізді пайдаланып, небір діни ағымдарды тасымалдаушылар қаптап кетті. Жас жектіншектеріміздің қаншасы адам санасын улайтын миссионерлердің жетегінде кетіп жатыр. Тіпті жастар арасында дін тұрғысында алауыздық қаптап кетті.  Төртіншіден, заңсыз келген босқындарды мемлекетіне қайтару үшін, олардың жол ақысын біздің мемлекетің өзі көтереді. Ал жыл сайын елімізге заңсыз қанша мигранттар келіп-кетіп жатыр? Олардың жол пұлының өзі экономикасы тұралап тұрған мемлекетімізге оңайға соқпайды. Және оларды еліне қайтарған күннің өзінде олардың қайта келмеуіне кім кепіл? Мұндай шығынның алдын алу үшін, мигранттарға қатысты заң жобасын қарап, бір жүйеге келтіріп, ресейдегідей депозит аштыру керек.

Кең байтақ елімізден сая іздеген келімсектердің азаятын түрі жоқ. Керісінше, күн санап өсе түсуде. Жағдай бұлайша сипат ала берсе, «Қазақстан» емес, келімсектер еліне айналып кетер түріміз бар. Тек экономикасы әлсіз қырғыз, өзбек, тәжік елдерінен ғана емес, сондай-ақ, әлем нарығын жаулап алған, қытайдың заңды-заңсыз келімсектері де жерімізді құтты мекеніне айналдыра бастаған. Тек солай болса жақсы ғой, өздерінің түкке тұрғысыз заттарын сатып, аңқау елге арамза молданың кебін кигізіп отыр. БҰҰ-ның деректері бойынша жыл сайын босқындар легінің 60 пайызы – дамыған елдерге, 40 пайызы дамушы елдерге жол тартады екен.

http://www.turkystan.kz