АЛТЫНОРДА
Новости

Ресей Польшадан көкөніс әкелуге тыйым салды

Көрнекі сурет.Ресей 1 тамыздан бастап Польшадан көкөніс пен жеміс-жидектің барлық түрін импорттауға тыйым салды.

«Россельхознадзор» мекемесі басшысы көмекшісінің хабарлауынша, тыйым «Польша жағының сертификаттау талаптарын бұзғанына және өнімдерде карантиндік заттардың табылғанына» байланысты салынған.

Польша Ресей нарығына көкөніс пен жеміс-жидек экспорттайтын басты елдердің бірі. Польша Ресейге жылына құны бір миллиард еуро көлемінде көкөніс пен жеміс-жидек сатады.

http://www.azattyq.org/content/news/25475031.html