Ресейдің тұтынушылар құқықтарын қорғайтын «Роспотребнадзор» агенттігі бүгін, 31 шілдеде «тиісті мемлекеттік тіркеуден өтпеген» деп Украинадан жеміс шырындарын импорттауға тыйым салынғанын хабарлады.
Ресей бұған дейін Украинаның сүт өнімдері, консервіленген көкөністер, көкөніс пен балық тасымалдауға тыйым салған. 30 шілдеде Ресейдің экономика миинстрлігі Украина тауарларына импорттық салық салу регламентін түзген.
Ресей 30 шілдеде 1 тамыздан бастап Польшадан көкөніс пен жеміс-жидектің барлық түрін тасымалдауға да тыйым салған. Мұның алдында Молдовадан көкөніс әкелуге де шектеу қойылған еді.
Еуропа Одағы мен АҚШ бірер күн бұрын Мәскеудің Украинаның шығысындағы саясатына қарсы Ресейге бірнеше сала бойынша санкциялар салған. Батыс елдері мен Киев Ресейді Украинаның шығысында үкімет әскерімен соғысып жатқан сепаратистерді қолдап, көмек беріп отыр деп айыптайды.
http://www.azattyq.org/archive/news/20140731/330/330.html?id=25476243