АЛТЫНОРДА
Новости

Ресей Украинаға бүгін қайта газ жібере бастамақ

Украина энергетика министрі Владимир Демчишин бүгін Ресей Украинаға газ беруді қайта бастайтынын мәлімдеді. Демчишин бұл туралы украин телеарнасынеда Киев Ресейдің мемлекеттік «Газпром» компаниясы газ жеткізуі үшін алдын-ала төлем ретінде 378 миллион АҚШ долларын аударғаннан кейін хабарлады.

«Газпром» компаниясы ақша желтоқсанның 6-сына қараған түні түскенін растады. Маусым айында Киев пен Мәскеу арасында газ бағасы мен қарызға байланысты газ тасымалдау тоқтап қалғаннан бері Украина Ресейге бірінші рет төлем жасап отыр.

Ресей Украина импорттайтын газы үшін алдын-ала төлем жасалғанын қалайды. Қазан айында украиналық «Нафтогаз» бен «Газпром» арасындағы келісім бойынша, Ресей Украинаға газды алдын-ала төлем жасағаннан кейін екі тәулік ішінде жөнелтуі тиіс.

Қаржы тапшылығын көріп отырған Украина Ресейден газ сатып алуды кейінге қалдырып келген. Бірақ қыс мезгілі Киевті таусылуға жақындаған газ қорын толықтыруға мәжбүрлеп отыр.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141208/330/330.html?id=26730851