«Ресей Федарциясының үкіметі ұлт тұтастығын нығайтуға 6,77 млрд рубль жаратады», — деп хабарлайды lenta.ru. порталы.
«Ресей үкіметі «Ресей ұлттарының тұтастығын нығайту және халықтарды этномәдени дамыту» атты 2014-2020 жылдарға арналған федералдық мақсаттық бағдарламасын (ФМБ) бекітті. Құжат үкімет сайтында 25 тамызда жарияланған», — деп жазады басылым.
Хабарда айтылғандай, ФМБ аясында 6766,35 миллион рубль бөлу жоспарлануда, оның ішінде 4581,91 миллион федеральдық бюджеттен және шамамен 2184,44 миллион рубльді жергілікті бюджеттен.
Федеральдық бағдарлама мақсаты — Ресей Федерациясының көп ұлтты халқының (ресейлік ұлттың) тұтастығын нығайту, деп атап көрсетілген құжатқа берігне анықтамада.
Бағдарламаны іске асыру ресейлік ұлттың тұтастығын нығайтуға және Ресейдің біртұтас этномәдени кеңістігін дамытуға әкеліп, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстарды болжауға, одан келетін экономикалық шығында азайтуға, өңірлердің, оның ішінде Солтүстік Кавказдың да инвестициялық тартымдылығын жақсартуға, елдің этомәдени әлеуетін тиімді пайдалануды арттыруға, сондай-ақ Ресейдің тұрғылықты халқының этомәдени және әлеуметтік сезімін жақсартуға әкеледі деп болжануда.
Дуанабай Жолдасбек