Санкт-Петербургте полиция Ресей президенті Владимир Путин мен премьер-министр Дмитрий Медведевтің әйелдер киімін киіп тұрған бейнелері салынған картинаны көрмеден алып кетті.
Полицияның хабарлауынша, «26 тамызда тұрғын үйлердің бірінде «Билік мұражайы» деп аталған заңсыз көрме өткен. Галерея заңсыз деп танылғандықтан, ол жердегі картиналар әкетілген». Полиция бұдан басқа ақпарат бермеді.
Ресей заңдары бойынша, билік өкілдеріне тіл тигізіп, қорлағандарға бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Көрмеде орыс православие шіркеуі басшысының денесіне әшекей суреттер салынған картина, гейлерге қарсы заң қабылдаған депутаттарды әжуалайтын суреттер болған. Оларды да полиция алып тастаған. Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, полиция оларды бірнеше заңды бұзды деп айыптап отыр.
Халықаралық қауымдастық пен ресейлік құқық қорғау ұйымдары бұған дейін Ресейде гейлерге қарсы қабылданған заңды сынаған еді.