Ресей Федерациясында РИА Новости базасында жаңа ақпараттық агенттік құрылады. Бұл туралы lenta.ru. хабарлады.
«Президент Владимир Путин РИА Новости ақпараттық агенттігін тарату туралы жарлыққа қол қойды. Құжат 9 желтоқсанда мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды», — делінген дүйсенбі күнгі хабарда.
Жарлыққа сәйкес РИА Новости базасында «Ресей бүгін» Халықаралық ақпараттық агенттігі» құрылады. Бірақ агенттіктің қандай саясат ұстанатынын іштеріңіз сезетін болар.
Дуанабай Жолдасбек