Ресейде бір күнде 319 тонна азық-түлік жойылды. 6 тамызда, бір күннің ішінде, Ресей президенті Владимир Путиннің эмбарго жарияланған азық-түліктерді жою туралы жарлығы күшіне енген бетте, 319 тонна жеміс-жидек, көкөніс, ірімшік пен ет жойылды. «Россельхознадзор» мекемесінің хабарлауынша, эмбаргоға қарамастан Ресей шекарасынан өткен азық-түлік осылай жойылып отырады. 319 тонна азық-түліктің 20 тоннасы Орынбор маңында жойылған. «Россельхознадзор» баспасөз хатшысы Юлия Мелано журналистерге ол тағамдар ішінде Латвияда шыққан «Российский» маркалы ірімшіктер болғанын хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, бұл ірімшік Ресей аумағына Қазақстан арқылы кірген.
http://www.azattyq.org/