АЛТЫНОРДА
Новости

Ресейдің «гуманитарлық жүгі» Луганскіге жетті

Бүгін Украинаның шығысындағы Луганск қаласына Ресейдің «гуманитарлық конвойының» алғашқы жүк көліктері жетті. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.

«Интерфакс» мәліметтеріне қарағанда, ондаған жүк көліктері әкелген заттарын түсіру үшін қаладағы азық-түлік базаларының біріне тоқтаған.

Ресейдің оңтүстік аймақтағы кеден басқармасының өкілі Раян Фарукшин «көліктердің Украина шекарасында Ресей органдарының тексеруінен өткенін» хабарлады. Фарукшиннің сөзіне қарағанда, «барлық көліктер мен жүк құжатталған».

Екі күн бұрын «Украина тұрғындарына арналған гуманитарлық көмек конвойы Ростов облысындағы шекарада тұрғаны» хабарланған еді. Бұл туралы Ресей төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Владимир Степанов мәлімдеген болатын. Ол «жүктің шекарадан өте алмай тұруының себебі — Украинаның көмек жеткізу жоспарын орындамауы» деген.

Ресей ақпарат құралдары халықаралық Қызыл крест ұйымының бұл көмек туралы хабары жоқ екенін айтты. Ұйым бұл конвой туралы Ресей мен Украина арасындағы келісімнің оларға түспегенін хабарлаған.

Ресейдің «жүгі» 200-дей көлікпен жеткізілген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140913/330/330.html?id=26581675