АЛТЫНОРДА
Новости

Ресейдің мүддесі кеден одағының тиімділігін төмендетуде (жалғасы)

5121_s_0Үшінші бағыттағы Еуразия Одағын құруға бағытталған ұмтылысты КСРО-ны қайта құру деп жағымсыз бағалайтындардың қатарында шетелдік сарапшылар да, кейбір ТМД-лық саясаткерлер мен талдамашылар да баршылық. 2012 жылғы наурыз айының басында Грузия президенті М. Саакашвили Әзірбайжанға екі күндік ресми сапармен барып қайтты. Ол әзірбайжандық парламентте сөйлеген сөзінде Ресей билігінің арам пиғылы бар екенін көрсетті: «В последнее время некоторыми ностальгически настроенными лидерами в Москве была предложена новая старая идея Евразийского союза. Давайте не будем заблуждаться. Название немного изменилось, но содержание в полном объеме остается прежним. На протяжении истории этот проект имел много имен: «Союз Советских Социалистических Республик», «Доктрина ограниченного суверенитета», политика «сфер влияния», или, пользуясь сегодняшней терминологией кремлевских идеологов, «собирание земель», то есть возвращение наиболее империалистической терминологии царских времен» дей келе, мұндай жобаның жүзеге асуы мынадай ауыр зардапқа ұрындыратынын ескертті: «…все эти проекты означают лишь одно: конец нашей свободе, независимости Азербайджана и Грузии». Сөзінің соңында, М.Саакашвили түрлі бүркеншек аттармен Ресей империясын қайта жаңғыртуға тырысып жүргендерге қарсы бірігіп күресуге шақырды: «либо все постсоветские страны возьмутся за ум, то есть за руки и вместе пройдут путь к безопасности, или нас с утеса поодиночке сбросят в бездну истории и все наши мечты разобьются».

Ол сонымен қатар, ресейлік билеушілер мынадай қағиданы дұрыс түсінгені абзал дейді: «лучше иметь сильных соседей, чем нестабильных вассалов, лучше быть в окружении счастливых и гордых государств, чем разочарованных людей, мечтающих о мести, лучше иметь партнеров, чем врагов». Көріп отырғанымыздай, кейбір ТМД елдері Еуразиялық одаққа мүше болмақ түгілі, одан ат-тонын ала қашып отыр.

Осындай бағыттағы зиялы қауым өкілдері бар ма екен деп іздестіріп едік, Башқұртстанда шығатын «Ватандаш» (қазақша – отандас) журналының 1997 жылғы № 9 санында жарияланған Ренарта және Эльмира Шариповалардың «Евразийство — очередной обман?» атты мақаласына көзіміз түсті. Әрине, ғылыми мақала болғандықтан пікірталас туғызатын тұстары болуы заңдылық. Бұл мақаладан еуразияшылдық аса қауіпті идеология деген ой түюге болады. Авторлардың сөзімен айтсақ, «евразийство — не что иное, как идеология реванша… старого имперского идеала, отличающаяся от прежних, классических разновидностей имперской идеи лишь новомодной, «подогнанной к современности» интеллектуальной риторикой». Осыған байланысты, Шариповалар түрлі ұлттық интеллигенция өкілдерін «сырты жылтырақ еуразиялық концепцияға» алданып қалмауын ескертеді, өйткені, ол Ресейдің құрамындағы шағын ұлттардың мәдени және рухани жаңғыру процесіне қарама-қайшы идеология. Тіптен, олар еуразияшылдықты былай деп көрсетеді: «евразийство… некий «идеологический динозавр», неизвестно каким образом сумевший дожить до нашей постколониальной эпохи, когда по всему миру над имперскими амбициями возобладали цивилизованные нормы взаимоотношений между народами».

Бұл мақаланың мәтінінде тарихи тұрғыдағы ғылыми дауласуды отқа май құйғандай қоздыратын тұжырымдар да жоқ емес: «Дикие и отсталые номадические завоеватели оставили после себя прекрасные памятники архитектуры, а организаторы евразийского пространства — русские крестьяне преуспели лишь в основном — в растаскивании руин каменных мечетей и светских зданий для строительства своих бань и печей» немесе: «…ведь они вполне серьезно утверждают, что у славян и тюрков общая историческая судьба. Остается лишь непонятным, какая общая историческая судьба может быть у народов … для одного из которых взятие Казани, Астрахани, покорение Сибири, Северная война, покорение Кавказа, Крыма и Средней Азии являются предметом исторической гордости, а для других — причиной многовекового рабства?» — деген сияқты.

Қос автор одан ары қарай: «в основе классического евразийства лежит идея доминирования русско-православной культуры» деп еуразияшылдықты реванштық, яғни, унитарлы империялық мемлекетті құруды аңсайтын қарымта қайтарушы идеологияның бір түрі деп таниды, оның түпкі мақсаты Ресей-Еуразияны халықтар түрмесіне айналдыру, орыстан өзге ұлттардың мәдениеті мен ерекшелігін жою деген өткір ой айтады.

Шариповалардың мақаласының тоқ етері: «Концепция евразийства несостоятельна в первую очередь потому, что не учитывает того, что на великом евразийском континенте существуют такие геополитические гиганты, как Китай, Индия, Япония. Тем самым складывается представление об ограниченности философского масштаба данной концепции. Ведь в реальности, гигантский суперконтинент — это отнюдь не только территория современного СНГ» — дей келіп, еуразияшылдықтың геосаяси болашағы бұлыңғыр дегенге келіп саяды.

Бұдан басқа пікірлерге тоқталсақ, Интернеттегі regnum.ru парақшасында Манкурт Шалаказахов деген лақап атпен «Пик» ақпараттық тобында сараптама жасап жүрген бір автор «Қазақстан геосаяси жағдайына байланысты амалдың жоғынан интеграция жасауға мәжбүр болып отыр» деген тұжырым жасайды. Әрине, мұндай шолақ әрі сыңаржақ пікірлер виртуалды әлемдегі оқырмандарды адастыратын дүниелер екені белгілі. Виртуалды басылымдарда бәтуа жоқ десек, онда дәстүрлі баспасөзде нендей пікірлер бар екеніне тоқтала кетейік. Ресейдің «Литературная газета» атты белгілі басылымының 2011 жылғы 12-18 қазандағы № 40 (6341) санында «Союз Евразийский республик свободных» атты көлемді материал жарияланып, онда редакциялық арнайы сауалнама жүргізу әдісімен А. Дугин, О. Богомолов, А. Шатилов сияқты Ресей ғалымдарының Еуразиялық одақ туралы оң пікірлері келтірілген, ал, сөз соңында салыстыру үшін осы мәселеге қатысты шетелдік басылымдарда жарияланған теріс пікірдегі материалдар әдейі орысшаға аударылып берілген. Мысалы, Ұлыбританиялық «The Telegraph» газеті В. Путиннің ұсынған жобасын қатты сынап: «Господин Путин рассказал, что находится в процессе создания нового глобального властного блока, «Евразийского союза», – на костях того, что когда-то являло собой Советский Союз. …Старшее поколение россиян, которые тяготеют к патернализму и стабильности в духе почившего Советского Союза, также, вероятнее всего, оценят этот план. Однако Путин постарался заявить, что воссоздание СССР не является целью его миссии. Но он несколько лукавит. «Евразийский союз» на территории бывшего СССР, создание которого продвигают Путин и Россия, будет иметь много общего с Советским Союзом. Авторитаризм придёт на смену коммунизму. Доминирующая идеология и членство будут добровольными, однако в геополитическом смысле и во многих других два союза будут иметь много общего. …Если Путин создаст псевдоСССР перед лицом растущего китайского и американского влияния, его провозгласят человеком, который вернул России империю» деп жазыпты. Ал, Германияның «Frankfurter Allgemeine Zeitung» басылымы болса: «Некоторые из новых суверенных государств бывшей коммунистической империи рассматривают такие заявления как угрозу, потому что они отнюдь не на дружеской ноге с Россией. Другие же, и без того экономически зависимые от Москвы, скорее всего, поневоле примут свою судьбу, но и там особой радости не видно. А ведь разница с ЕС существенная, но Путин старается её не афишировать. Дело в том, что предпосылкой для успешной интеграции в Европе стали: во-первых, примерный баланс между большими и, во-вторых, уважение к маленьким государствам Западной Европы. Ни то, ни другое никак не прослеживается в Евразийском союзе» — деп өздерінің путиндік еуразияшылдыққа риза еместігін білдірген.

Ал, енді еуразиялық одаққа скептицизммен қарайтын төртінші бағыттағы ой-пікірлерге қысқаша тоқталсақ. Бұл жерде қазекем «өз ағам» дейтін өзбектердің мемлекет басшысы И. Каримов топ жарып тұр. И. Каримов 1994 жылы Елбасымыз Н. Назарбаев еуразиялық одақ туралы идея көтергеннен бастап бұл бастамаға қырын қараған болатын. Ол ортаазиялық елдердің одағына да мысқылмен қарады. Оның ойынша, экономикалық күш-қуаты, халық саны, даму деңгейі әр-түрлі елдердің одағынан түк шықпайды. Сол әдетімен, И. Каримов 2011 жылғы 7 желтоқсанда Өзбекстан Конституциясы күні құрметіне сөйлеген сөзінде В. Путиннің ұсынысын сандыраққа балап, интеграциялық процестерге деген ешбір қажеттілік жоқ деді. Дәлірек айтсақ, ол: «за последнее время на постсоветском пространстве активизируются силы, которые, пользуясь тем, что вступающее в жизнь современное молодое поколение не имеет достаточного представления о недавней истории, стремятся путем различных вымыслов возбудить ностальгию по советскому прошлому, при этом забывая о тоталитарной сущности советской империи, распад которой был обусловлен в первую очередь политической, экономической и идеологической несостоятельностью системы, на которой она была построена» — дей келе, «Когда речь идет о формировании различных межгосударственных объединений, не исключается, что они выйдут за рамки экономических интересов и приобретут политическую окраску и содержание, что в свою очередь может негативно повлиять на уже установившиеся связи и сотрудничество членов объединения с другими внешними партнерами, развитие интеграционных процессов с третьими странами», — деп кесіп айтты.
Бірақ, араға екі апта салып, 2011 жылғы 21 желтоқсанда Бішкек қаласында өткен ТМД бейформалды саммитінде И. Каримов «Евразийская интеграция — это наше будущее, это тот путь, то направление, по которому все должны двигаться …Содружество должно играть роль координатора нашего многопланового взаимодействия, а также оставаться форумом для прямого общения, поддержания регулярного межгосударственного диалога… Россия объединяет вокруг себя все станы СНГ, и не надо здесь спекулировать и создавать иллюзии. Надо смотреть трезво на эти вещи: есть Россия, она объединяет вокруг себя все страны постсоветского пространства, мы существуем и есть СНГ… Евразийское экономическое пространство, Евразийский экономический союз, а в дальнейшем просто Евразийский союз — все эти образования на фоне СНГ создают определенные настроения. А нужно ли тогда СНГ вообще. Я отвечаю на этот вопрос и говорю только свое видения – я убежден, что при всем том, что происходит в мире и на постсоветском пространстве, Евразийский союз и все остальное — естественное закономерное развитие того, что происходит сегодня в мире» — деп өзінің елінде айтқаннан мүлдем керісінше пікір айтып, жиналғандарды қайран қалдырды. Иә, ежелгі гректер өздерінің мифологиясындағы екі жүзді Янус құдайларын саясатпен теңестіруі тегін емес екен.

Еуразиялық одаққа немқұрайлы қараушылардың бірі Жан Парвулеско деген франциялық румын «Путин и евразийская империя» деген кітабын жариялап, оны интернет-қауымдастық қызу талқылап та үлгерді. Кітаптың басты идеясы – еуразиялық ұлы бірлестік құру теория жүзінде ғана қауіпті, ал, іс жүзінде ешбір қауқары жоқ бос әурешілік.
Жоғарыда баяндалғаннан көріп отырғанымыздай, еуразияшылдық идея туындағаннан бастап Еуразиялық одақ құрылғанға дейінгі ұзақ кезеңде сан-түрлі теориялар мен тұжырымдамалар туындап, салиқалы саяси шешімдер де айтарлықтай қабылданған. Сонымен қатар, еуразияшылдықтың болашағына үмітпен қарап, шын сенгендердің де, оларды сынаушылар мен кекесінмен қараушылардың да көп екеніне көз жеткіздік. Қазіргі дөңгеленген дүниеде алшаң басқан жаһандану үрдісінің қарқыны үздіксіз үдеу үстінде екенін ескерсек, аймақтық интеграциялану уақыт талабы екенін ұғынамыз. Өзінің ұлттық мүддесін қорғай отырып, әлемдік қауымдастықпен тығыз қарым-қатынасқа түсе білген ел ғана мұратына жетпек, ал, тас-түйін оқшауланған елдің күні қараң болары анық болып отыр. Алайда, мұндай жаһандық ашықтық жағдайында өзіміздің ұлттық рухани тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді нығайтудың күн тәртібінде тұрғанын да ұмытпауға тиіспіз.
Елбасымыздың ұсынып, жан-жақты экономикалық қарым-қатынасқа негіздеген Еуразиялық одағы бірлестігінің маңызы осында. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігі қолына тиіп, демократия мен еркін экономикалық даму жолына түскен, БҰҰ мүше ретінде егемендігін әлем мойындаған Қазақстан Еуразиялық одақ ауқымында саяси кіріптарлыққа душар болады деп қате түсінуге әсте болмайды. Еуразиялық одақта егемендік пен тәуелсіздік еріктіліктерін сақтаудың саяси тетіктері жан-жақты қарастырылған. Мұндағы басты мәселе – шаруа-экономикалық байланыстарды жаңғыртып, жаңаша дамыту. Белгілі драматург Қалтай Мұхамеджановтың экономиканы өңешпен теңестіруі кездейсоқ емес, өңеш арқылы қоректенбеген тірі ағза тіршілігін тоқтатады. Сол сияқты, экономика қоғам мен мемлекеттің қорек көзі. Одан кейін әрине, мәдени-рухани және қарапайым ғана адами қарым-қатынастарды үзбей, жаһандануға төтеп бере алатындай етіп жандандыру.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорытсақ – бүгінгі Еуразия Одағын құру кешегі КСРО-ны қайта тірілту деп қисынсыз қорқуға жөн жоқ, бірақ, бейқам отырмауымыз керек. Яғни, патшалық Ресей мен КСРО кеңістігіндегі отарлау саясаты негізінде жүргізілген жүйені көксеген еуразияшылардың ұлы орыс пиғылындағы идеясы мен идеологиясына еш жол беруге болмайды. Бұл тұста біз, ұзаққа созылатын мақсат-мұраттағы идея мен уақыт қажеттілігінен туған «өңеш» саналатын экономикалық қарым-қатынастағы фактіні ажырата білуге тиіспіз.

Кедендік одақ факт ретінде (Қазақстан үшін оң-теріс фактілер)

Сонымен, 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Ресей, Беларусь және Қазақстанның мүшелігімен Кедендік одақ құрылып, Еуразиялық одақ құрудың негізі қаланды, саяси идеялық жоспар шынайы фактіге айналды. Оның тарихы 1993 жылғы 24 қыркүйектегі ТМД аумағында Экономикалық одақ құру туралы шарттан бастау алады. Көп ұзамай, 1995 жылы Ресей мен Беларусь арасында Кедендік одақ туралы келісім жасалады. 1999 жылғы 26 ақпанда қол қойылған Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы келісімге Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан қол қойып, оған 2006 жылы Өзбекстан қосылды. 2006 жылғы 16 тамызда Сочи қаласында өткен бейресми саммитте ЕврАзЭС мүше мемлекеттері осы ұйым шеңберінде кедендік одақ құру туралы шешім қабылдап, Ресей, Беларусь, Қазақстан тараптары оның құқықтық негіздерін жасасуға уағдаласып, Кедендік одақтың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жасау жұмыстары басталады. Осының нәтижесінде, нақты құқықтық алғышарттар: Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шарттар жасалды. 2009 жылғы 27 қарашада Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа да қол қойылды. Ал 2010 жылғы 25 маусымда Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт Қазақстан Республикасының № 293-ІV Заңымен ратификацияланды. Осылайша, 8 бөлім, 50 тарау, 372 баптан тұратын Кедендік одақтың жаңа Кедендік кодексі қабылданып, ол өз кезегінде, одаққа мүше елдердің дербес кедендік кодексін алмасырды. Бұған дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірде қабылданған Кеден кодексі осы саланың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілеп, еліміздің егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға ықпал етіп келген болатын. Осы кодекс арқылы экономикамыз айтарлықтай жанданып дамыды. Ал, Қазақстан 2009 жылы Кедендік рәсімдерді жеңілдету мен үйлесімді ету жөніндегі Киото конвенциясын ратификациялап, халықаралық сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуда әп-әжептеуір жетістіктерге қол жеткізген болатын. Бірақ, экономист мамандардың жалпытанылған пікіріне сүйенсек, Кедендік одақтың бірегей Кеден кодексі әзірленгенде Ресейдің мысы басып, ресейлік Кедендік кодекстің қағидалары мен талаптары негізге алынып кеткен. Осыдан келіп, Кедендік одақта Ресейдің мүддесі басым тұратын сыңаржақ жағдай қалыптасты. Бұрынғы фритрейдерлік бағыттағы Қазақстанның дербес Кедендік кодексі аясында кедендік алым-салық айтарлықтай төмен болса, Кедендік одақтың біртұтас кодексі алым-салықтардың деңгейін айтарлықтай көтеріп жіберді. Өйткені, оның негізінде Ресейдің протекционистік сипаттағы бұрынғы Кедендік кодексі тұр.

Қазақстанның кедендік брокерлер қауымдастығының төрағасы Геннадий Шестаков «KAZAKHSTAN» халықаралық іскерлік журналына берген сұхбатында: «Увы, из плюсов пока можно назвать только сам факт того, что мы живем в Таможенном союзе, и возрастание бюджета. Во всем остальном негативный прогноз развития, который мы давали накануне вступления нашей страны в ТС, к сожалению, оправдался. Да, правительство уже отрапортовало о росте поступлений в бюджет, но за счет чего это произошло? За счет того, что пошлина стала больше, товар на прилавке — дороже. Российские товары по цене «подтянулись» к импортным аналогам, а платим за все это мы, рядовые потребители. Казахстан проиграл во всем. В 2009 году средневзвешенная пошлина у нас была чуть больше 5%. Кстати, для вступления в ВТО требуется, чтобы этот показатель был не выше, чем 7% с небольшим. У России на тот момент средневзвешенная пошлина была 18%, а у Белоруссии — 12%. Сейчас мы все дружно «подтянулись» под 16%. У нас не было пошлины на продукты питания, имелась минимальная пошлина на бытовую технику. Сегодня на какие-то товары пошлины выросли на 10-20 %, на другие в 3-4 раза, а если говорить об автомобилях, то в 30-40 раз. Не стало легче и казахстанским производителям товаров, которые они изготавливают из западного сырья с использованием западного оборудования и технологий. Пошлины на оборудование увеличились на 10-20%, на сырье и компоненты, которые раньше завозились по нулевой ставке, — на 20 %. То есть наш производитель получил прирост себестоимости еще до начала производства, а потом на нее еще накручиваются производственные издержки. И теперь, например, ламинат, произведенный в Казахстане на бельгийском оборудовании, будет в любом случае дороже, чем привезенный напрямую из Бельгии. В итоге вся высокотехнологичная продукция, которая у нас производится, стала значительно дороже». Толығырақ қарасаңыз:http://www.rosbalt.ru/exussr/2011/09/29/895444.html

Кедендік одақ құрудағы басты мақсат – оған мүше елдердің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды ашық, мөлдір және ешбір кідіріс-кедергісіз дамыту болатын. Бірақ, іс жүзінде бұл игі мақсатқа жету оңай болмай тұр. Бұл туралы қазақстандық кәсіпкерлер Кедендік одақ жұмыс істей бастаған сәттен-ақ зарлап келеді. Тіпті таяуда Минскіде өткен басқосуда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев бұл одақтың қызметін сынға алғаны белгілі. Әсіресе, жүк тасымалы, тауар экспорты, кедендік рәсімдеу салаларында кедергілер әлі күнге дейін көп екен. Мысалы, Қазақстанда өндірілетін алкоголь өнімдері Ресей мен Беларусь нарығына кіре алмай отыр. Ал, бұл мемлекеттерде өндірілген арақ-шарап еліміздің дүкендерінде толып тұр. Осы мәселе бойынша сенатор Қ. Баймаханов Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министріне депутаттық сауал жолдап, Бірыңғай кедендік тарифтің қолданылуындағы кемшіліктерді, Қазақстанның көрші елдердің нарығына кіруіндегі қиындықтарын атап көрсетіп, шетелдік арақ-шарап отандық өнімдерге бәсеке болғаны аздай, оларға салынатын салықтың да төмендігін сынға алды. Сонымен қатар, Ресейде «Росалкорегулирование» деген агенттіктің барын, орыстар қосымша құн салығын, акциз, кеден салығын енгізгенін де айта келе, әркім көрпені өзіне тартатын, үстем елдің өзімшіл ұлттық мүддесіне негізделетін Кеден одағының пайдасынан зияны көп деп, халық қалаулысы кейіді. Шынында да, Қазақстан Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғұсман Әміриннің мәлімдеуінше, биыл ресейлік және беларустық алкоголь өнімдерінің біздің елімізге импорты 22 % артқан, сөйте тұра, қазақстандық спиртті ішімдіктердің Кеден Одағына экспортталуы 16,5 % кеміген екен.
Қазақстандық ет өнімдерінің Кеден Одағы аймағына экспортталуы да мәз емес. Минскіде өткен Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңесте Елбасы Н. Назарбаев осылай деп сын айтып, мұндай кедергілердің Ресей тарапынан болғанын жасырған жоқ: «Қазақстанның ет өнімдері әдейі өткізілмейтін жағдайда тұр. Өйткені Ресейде оларға Қазақстан Республикасының санитарлық сертификаттарында жоқ нормаларды қолданып келеді. Ал Беларусь елі жаңа техникалық регламенттің енгізілуіне байланысты азық-түлік тауарларын Ресей нарығына тиісті көлемде алып шыға алмай отыр. Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі техникалық регламентті кеңейту бизнес ортаны жақсартқысы келетін Қазақстанның саясатына қайшы келуде». Яғни, Ресейдің мүддесіне орайластырылған жасанды бюрократиялық кедергілер Кеден одағының кеңірдегінен қысып, өзге мүше мемлекеттер үшін тиімділігін төмендетуде.

Сейілбек Мұсатаев – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы

(Жалғасы бар)
Abai.kz