АЛТЫНОРДА
Новости

Ресейге Қазақстаннан КСРО-дан қалған қосалқы бөлшектерді тасымалданған

Астана. 6 ақпан. BAQ.KZ – Ресейдің Қорғаныс министрлігіне Қазақстаннан Кеңес дәуірінен қалған торпедалардың қосалқы бөлшектері тасымалданған. Тергеу органдары анықтағандай, тасымалдау жұмыстары 2010 жылдан басталған. Ол кезде «Ремвооружение» ААҚ-на келіп түскен алғашқы 45 жиынтық «Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ-нан (Алматы) сатылып алынған екен. Аталған қосалқы бөлшектер Ресейге 25 миллион рублге түсіп отыр. Ол қаржының 13 миллионы «НПО Барс» ЖАҚ-ның еншісінде кеткен.

2012 жылы тауар айналымын 5 есеге дейін арттыру жоспарланыпты. «Барс» компаниясы бұл қызметі үшін 120 миллион рублей алып, оның тек 60 миллионын жұмсауды жоспарлаған көрінеді. Алайда, торпедалардың жай-күйімен Ресей ІІМ мен ФСБ мамандары таныспақ болған. Осылайша, 2012 жылдың желтоқсан айында «Барс» фирмасы мен «Адмиралтейские верфи» ААҚ-ның қоймаларына тексерулер жүргізіліп, табылған 40 торпеда жиынтығы мөрленді, құжаттары болса тәркіленді. Мамандардың күдігін әскери бөлшектердің саудасына лицензияның болмауы тудырған. Ай туларынша, сатылып алынған тауарлар КСРО кезінен қалған ескі бөлшектер болуы мүмкін. Олардың бұл күдіктері кейін шындыққа айналды.
Аталған іске қатысы бар деген күдікпен бүгінде Ресейдің жоғары шенді тұлғалары айыпталуда. Олардың бірі РФ Қорғаныс министрінің кеңесшісі – Геннадий Сучков. Сондай-ақ, «Ремвооружение» жетекшісі мен «Барстың» бас директоры да бұл іс бойынша жауап береді.

http://baq.kz/news/22911