АЛТЫНОРДА
Новости

Ресейге жасалған санкциялар Қазақстанға әсер етпейді — АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары

Ричард Хоугланд. ©grabdmitry.com Ресейге жасалған санкциялар Қазақстанға әсер етпейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ричард Хоугланд айтты.

«Біріншіден, АҚШ және өзге де мемлекеттер санксияны құрастыру барысында жеке тұлғаларға және жеке компанияларға арнап өте мұқият әрі нақты құрастырғанын айта кеткім келеді. Олар мұны жасаған кезде барлығынан хабардар болып өзге елдерге залалы тиіп кетпеуін басты назарда ұстады. Бұл мәселеге қатысты біздің санкциялар өзге елдерге, оның ішінде Қазақстанға да зардабы тиіп кетпеуіне сенімді болу үшін біз оның барлығын қадағаладық», — дейді Ричард Хоугланд АҚШ-тың Ресейге жасаған санксиясы Қазақстанға кері әсерін тигізбейді ме деген сұраққа жауап беру барысында.

«Санкциялар Ресей тарапы халықаралық стандарттар мен өздерінің әрекеті арқылы Украинаның тәртібін бұзғаны үшін жасалып, іске асырылғанын айта кеткім келеді. Біз Ресей басшылары бүгінде жасап жатқан әрекетінен бас тарту туралы шешім қабылдайды деп үміттенеміз. Сол кезде ғана бұл санкциялардың барлығы тоқтатылады», — дейді АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі.

«Өзге халықтың тыныштығын бұзу бұл халықаралық стандарттағы ережені өрескел бұзу болып саналады», — дейді ол АҚШ-тың ереже бұзу деген сөзінің астарында Қырымның жағдайын басты назарға алып.

Брифинг барысында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Хоугланд Астанаға Қазақстанның жоғары лауазымды басшыларымен кездесуге келгенін айтты. «Қазақстан біз үшін маңызды әріптес, маңызды ел. Біз жақсы әріптес әрі жақсы дос екенімізге көз жеткізу үшін мұндай кездесулерді жиі өткізіп тұрамыз», — дейді Хоугланд.

Еске салайық, бұрын Ричард Хоугланд АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болған еді. Астанада ол бұл қызметті 2008 және 2011 жылдар аралығында атқарды.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/alash/reseyge-jasalgan-sanktsiyalar-kazakstanga-aser-etpeyd—aksh-tyin-memlekettk-56448/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі