АЛТЫНОРДА
Новости

РЕСЕЙЛІКТЕР МОНАКОҒА КӨШУДЕ

«Монако Үкіметі басшысы Мишель Роже Мәскеу қаласына жасаған сапарының барысында князьдықтың ресейліктер үшін өзгермейтін қонақжайлылығы мен Ресейден түсетін инвестицияларға жоғары қызығушылығын қуаттайтынын мәлімдеді», деп хабарлайды Vesti.ru.

Оның айтуынша, Монакодағы ресейлік азаматтардың саны өсу үстінде, ал 500 адам князьдықта тұрақты тұрып жүр. Роже Ресей мен Монаконың банк және сақтандыру салаларындағы екіжақты қарым-қатынастары табысты дамып отырғанын атап өтті. «Біз Монакодағы ресейлік инвестицияларды құптаймыз, сондай-ақ монегаскілердің Ресейге инвестицияларын ынтыландыруға күш саламыз», — деп атап өтті РФ Үкіметінің басшысы. 2013 жылдың қазан айында президент Владимир Путин мен князь Альбер ІІ 2015 жылы Монакодағы Ресей жылын өткізу туралы шешімін қабылдады.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/63792