Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында еліміздегі ең үлгілі, көпұлтты және өнерлі жас отбасы тұрады. Жақында өткен республикалық «Бірге өмір сүру» фестивалінде түркістандық Абдуқадыровтар отбасы қатысқан болатын. Бұл жанұя сайыста «Аққу» күйін ұл-қыздары Гаухар, Ерназар және Азаматпен бірге орындап, Гран-при жеңіп алды. Д.Абдуқадыров – кәсіпкер, жұбайы Гүлжан – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Отбасын құрғанына 7 жыл болған бұл үлгілі отбасы екі ұлттың да салт-дәстүрін бірдей сақтап өмір сүріп келеді. Естеріңізге салсақ, Астана қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 26 қазан күні «Бірге өмір сүру» республикалық фестивалі өткен болатын.
http://ontustik.gov.kz/