РИМ. 6 ақпан. BAQ.kz — Бүгін Ватиканда әулие Петр соборында шет мемлекеттер делегацияларымен және әлемнің түкпір-түкпірінен келген католиктермен кездесу барысында Рим Папасы XVI Бенедикт ҚР Парламенті Сенатының төрағасы — Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары сьезі хатшылығының басшысы Қайрат Мәмиді қабылдап, Қазақстанның дінаралық және ұлтаралық диалогты дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарына батасын берді.
«Мен ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми бастаған Қазақстан Республикасының делегациясын қарсы алғаныма қуаныштымын және де дінаралық, ұлтаралық диалогты дамытуда сәттілік тілеймін. Өзімнің апостолдық батамды беремін», — деді Рим Папасы.