АЛТЫНОРДА
Новости

Саакашвили Порошенконың штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарады

Саакашвили Порошенконың штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарадыУкраинаның «112» телеарнасы эфирден берілген «Шустер live» бағдарламасында Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің ел президенті Петр Порошенконың штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқаратынын айтты. Бұл ақпаратты Саакашвилидің өзі де растап отыр.

Оның сөзіне қарағанда, Петр Порошенкомен соңғы күндері бірнеше рет кездесіп, әңгімелескен, ой бөліскен, пікір алысқан.

«Өз басым ешқандай басқарманың құзырында емеспін. Шын мәнінде еркін жүрген саясаткермін, грузин азаматымын», – дейді экс-президент.

Сонымен бірге Саакашвили Порошенкомен барлық істі бірге атқаратынын мәлімдеп отыр. Тіпті Украинаның ішкі өңірлерін аралап, шиеленіскен мәселелерді шешуге атсалыспақ.

«Жалпы стратегияға сәйкес келмейтіндіктен, Украин азаматтығын қабылдай алмаймын. Өйткені, ерте ме, кеш пе, еліме қайтуым керек», – дейді Саакашвили.

bnews.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/saakashvili-poroshenkonyin-shtattan-tyis-kenesshs-kyizmetn-atkaradyi-63470/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі