АЛТЫНОРДА
Новости

СӘДУАҚАСОВА САХНАҒА ОРАЛДЫ

Сүйген жүрегін тауып, бүгінде бақытты ана атанған Мәдина Сәдуақасова қайта сахнаға оралды. Босанғаннан кейін 3 ай өткен соң, әнші халықты көп күттірмей өнер ортасына қайта келді. 3 айлық бөпесін үйде қалдырып, сахнаға шығуының бір ғана себебі бар екен. 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды. Мәдина өз көрерменін, киелі сахнасын қатты сағыныпты. Тек осы себеппен ғана жұбайының алдында берген уәдесін бұзуына тура келген. Ақыры үндемеген Мәдинаны өзі де өнерден алыс емес, отандық телеарнада режиссер болып істейтін Олжас түсініпті. Ол жұбайының ән айтып, сахнаға шығып, жобаларға қатысуына рұқсатын берген. Енді әнші телевизиялық түсірілімдер мен концертке кеткенде үш айлық Әнуарын ең жақын деген адамдары қарап қалатын болды. Бала дүниеге келгеннен кейін осылайша өмірің өзгеріп сала береді деген әнші өзіндегі басқа да өзгерістерді айтып берді. Мәдина жақында  Қыдырәлі мен Қарақаттың Алматыдағы ән кешін Тұрсынбек Қабатовпен бірге жүргізген еді.

 Айқын-ақпарат