Қазақстанның электрондық үкіметінің egov.kz порталында және оның мобильдік қосымшасында төлем картасының деректерін қайта енгізусіз қызметке төлеуге мүмкіндік беретін «Бір шертумен төлеу» сервисі іске CNP Processing компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылды.
Егер төлеудің стандарттық тәсілі кезінде пайдаланушыға әрбір ашқан сайын карта иегерінің атын, оның толық 16-таңбалы нөмірін, жарамдылық мерзімін, CVV және 3DSecure кодын енгізу, сондай-ақ хабарламаны жөнелту үшін электрондық адресті және телефон нөмірін көрсету қажет болатын, алайда төлеудің жаңа жеңілдетілген тәсілі қажетінше қаупсіздіктің кодтарын енгізуден басқа жоғарыда көрсетілген барлық қадамдарды алып тастады.
Енді пайдаланушыға тез төлеудің екі нұсқасы қолжетімді: CNP Processing есептік жазбасы немесе eGov төлемдер үшін бұрын іске асырылған картаның сақталған деректерін пайдаланумен. Қазір жүйе салықтар, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл, өсімдер, мемлекеттік баж салығы және басқалар сияқты тек бюджетке төлемдерді тез төлеуге мүмкіндік беретіндігін атап өтеміз.
Бірінші тәсіл арқылы пайдаланушы «Бір шертумен төлеу» таңдайды, одан кейін оған тіркелуді және өзінің карточкасының деректерін сақтауды ұсынады. Кейін төлемді жүргізу үшін есептік деректерді (логин және пароль) енгізу және «үнсіз келісім бойынша картамен төлеуді таңдау жеткілікті.
Екінші нұсқа кезінде төлеуші ұсынылатын тізімнен өзінің картасының бұрын сақталған құпияланған нөмірін (соңғы 4 цифры бейнеленеді) таңдайды және CVV кодты енгізеді, сондай-ақ 3DSecure карта үшін онлайн транзакция кезінде қосымша қорғау орнатылған.
Қазіргі кезеңде сервис Android және iOS платформаларында электрондық үкімет және мобильдік қосымша порталының барлық пайдаланушыларына қолжетімді.
Сұрақтар туындаған жағдайда, Халыққа қызмет көрсету орталығының № 1 қалалық бөліміне немесе 21-46-79 телефонына хабарласуларыңызға болады.
Кеңес алу үшін 1414 нөмірі бойынша хабарласу қажет. Қоңырау барлық Қазақстан бойынша кез келген оператордан тегін.
http://ontustik.gov.kz/