АЛТЫНОРДА
Новости

Сән әліппесі: Этникалық стиль

Сән әліппесі: Этникалық стильДизайнерлер оқтын-оқтын жұмыстарын этника тақырыбына арнап отырады.

Бұл стильді 1911 жылы француз модельері Поль Пуаре дүниеге әкелген. Ол Парижге гастрольдік сапармен келген орыс балетінің «Шахерезаде» қойылымын көріп, содан шабыт алған деседі. Шығыстық стильде қыз-келіншектерге арналған киімдер тігеді. Кейін орыс, грек халықтары ұлттық киімдерінің элементтерін қолданып киім тігіп, сән көрсетілімдерін жасайды. Оның жолын Коко Шанель, Филипп Миллер, Ив Сен Лоран, Жан Поль Готье сияқты әйгілі кутюрьелер жалғастырды. Олар этникалық стильдегі аксессуарларды да көптеп дүниеге әкелді.

Сондықтан, грек, араб, үнді, орыс халықтары киімдерінің элементтері қазір көп қолданылады. Мысал ретінде парка, пончо, туника, тюрбан, мокосин секілді киімдерді айтуға болады.

Этникалық стильді байқап көргіңіз келсе, осындай көйлектерді сатып алуыңызға болады.

Өзіміздің де ұлттық нақыштарымызбен тігілген костюмдер, аксессуарлар өте көп.

Этникалық стильді ұнататындар бұны үй интерьерін жасауда да пайдалана алады.

Сурет: style.wildberries.ru, plus.google.com

http://massaget.kz/kyizdarga/sn/25626/