Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Парманов айтты. Ауданның алты айдағы әлеуметтік-экономиалық даму қарқынын бағамдаған Б.Рысқұлұлы алғашқы жартыжылда ішкі аумақтық өнім көлемі 50,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 22,6 пайызға өскенін жеткізді.
Халық тығыз қоныстанған ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер 25 мыңнан асып, осы салада салада еңбектенетіндер 44 мыңға жуықтаған. Аудандағы 440 гектар жылыжайда бес мың адамның тұрақты еңбекпен қамтылғаны хабарланып, жұмыссыздық 5,3 пайызды құрап отыр.
Жыл басынан ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 17,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,8 млрд. теңгеге артқан.
Аудандағы 142 мектепте 70 мыңнан астам оқушы оқиды. Апатты мектептердің санын азайту үшін қолға алынған нақты шаралардың нәтижесінде биылғы 1 қыркүйек – білім күні қарсаңында тоғыз жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Жалпы Сарыағаштағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таппақ.
ОҚО әкімі аппаратының
баспасөз қызметі