АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

САУД АРАБИЯСЫ АЗИЯЛЫҚТАР ҮШІН МҰНАЙ БАҒАСЫН КӨТЕРДІ

201409slide2Сауд Арабиясы азиялық клиенттер үшін маусым айында жеткізілетін мұнай бағасын арттырды, деп хабарлайды РБК.

«Экспортшы ел соңғы 14 айда мұнай бағасын максималды деңгейге дейін көтерді және бұл сұраныстың артуына мүмкіндік береді”, – деп жазды Bloomberg агенттігі.

Бейсенбі күні жарияланған Aramco мәлімдемесінде Arab Light маркалы мұнайдың ресми бағасы азиялық сатып алушылар үшін барреліне 1,10 долларға артқаны туралы айтылған.+

Соңғы рет араб мұнайының бағасы өткен жылдың сәуір айында 1,40 долларға көтерілген. Ал Arab Light маркалы қара алтын құны Еуропаның солтүстік-батыс нарығы үшін маусым айында 0,15 долларға дейін жоғарылаған.

Bloomberg агенттігінің мәліметіне сәйкес, сәуір айында Сауд Арабиясындағы мұнай деңгейі күніне 10,27 млн баррелді құрады.

7kun.kz