Еуропа парламенті «Еуромайдан» қозғалысын, әзербайжандық құқық қорғаушы Лейла Юнусты және конголық дәрігер Денис Муквегені Сахаров атындағы «Еркін ойлау» сыйлығына үміткерлер тізіміне қосты.
Украинада ақпан айында президент Виктор Януковичті биліктен кетірген толқулардың алдында «Еуромайдан» қозғалысы атынан сыйлыққа журналистер Татьяна Черноволь мен Мустафа Найем, әнші Руслана мен студент Елизавета Щепетильникова үміткер.
Лейла Юнус Бакудегі күштеп көшірудің құрбаны болған азаматтарға көмек көрсеткенімен танымал. Ол өз еліндегі саяси тұтқындардың тізімін де жасаған. Юнус пен оның күйеуі қазір қамауда отыр. Күйеуі екеуне «сатқындық жасады» деген айып тағылған.
50 мың еуро көлеміндегі ақшалай жүлдесі бар, құқық қорғаушылар мен еркіндік үшін күрескендерді ынталандыруға арналған Сахаров сыйлығы жыл сайын табысталады. Сыйлықтың иегері 16 қазанда жарияланады.
http://www.azattyq.org/archive/news/20141008/330/330.html?id=26626409