АЛТЫНОРДА
Новости

Сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалар

24(156)Саясаткер – Черчилль, суретші – Черчилль, жазушы – Черчилль… 

* Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль – көрнекті британиялық саясаткер. Ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Құрама Патшалыққа жетекшілік етіп, 1940-1945 және 1951-1955 жылдар аралығында Құрама Патшалықтың премьер-министрі қызметін атқарған. Көрнекті мемлекет қайраткері Черчилль саяси қызметінен бөлек шешендігімен көзге түскен, озық әскери офицер атанған, елдегі белгілі тарихшы ретінде де танылған. Тіпті жазушылық еңбегіне орай әлемдік Нобель сыйлығына ие болған. Ел арасында әуесқой суретші ретінде де танымал.

 

1.Көшбасшы-ту ұстаушы: өзіне тән саяси мақсатты алға қойып, жүзеге асырады (І Петр, М. Ганди).

2.Көшбасшы-қызметші: өз жақтастарының мүддесін білдіріп, солардың атынан сөйлейді (Л.И. Брежнев).

3.Көшбасшы-саудагер: қалың көпшілікті иландыра отырып, олардың мүддесі мен тілегін іске асырады (Р. Рейган).

4.Көшбасшы-өрт сөндіруші: қиын-қыстау кезеңде және уақыт талабына сай әбжіл қимылдап, халықтың соңынан ерте алады (Ф.Д. Рузвельт).

 

Спорт комментаторынан президент болғанға дейін… 

* Рональд Рейган – Америка Құрама Штатының Республикалық партиясының 40-Президенті (1981—1985 және1985—1989 жылдар аралығында). Ол саяси өмірі басталмай тұрып әртістігімен танылған. Рональд Рейган ғұмырында түрлі форматтағы 52 фильмге түскен. Кейіннен мемлекеттің басшысы болған тұста экономика саласына да жетік екенін дәлелдеп, мемелекетттік шығынды қысқарту, салықты төмендету, инфляция­ны бақылау сияқты экономикалық мәселелерді реттейтін «рейганомика» атты экономикалық саясаттың негізін қалады. Жас кезінде футбол ойынын хабарлаушы, спорт комментаторы, диктор болып жұмыс жасаған бұл саясат­кердің даусының тартымды болғанын да айта кеткен жөн.

 

Көшбасшылардың идеологиялық бағытын білеміз бе?

Көптеген ұлт көшбасшысының саяси ба­ғы­ты мен ұстанымдары саячси идеологияға ай­налып отырған. Мәселен, Мао Цзедун­ның саяси бағыты маоизмге ұласты. Оның мәні-қалалық пролетариаттан ауылдық шаруаға басымдық беру. Кемализм – Ата Түрік негізін қалаған түрік ұлтшылдығының идео­логиясы. Алты тармақтан тұратын ке­ма­­лизм доктри­насы Конституциямен бе­кі­тілген. Гитлерлік Германия басқыншы­лы­ғынан Францияны күйретпей сақтап қал­ған, Англияда жүріп Қарсыласу соғысын жүр­гізген генерал Шарль де Голльдің сая­саттағы сара жолы – голлизм. Голлизмнің түп­­қазығы – Франция­ны кез келген дер­жа­вадан тәуелсіз ету, оң­шыл саясат, әлеуметтік мә­се­лелерде кон­­сер­ватор­­лық бағытты ұста­нып, экономи­ка­ға мемле­кеттің арала­суын құп­тау. Голлистік партиялар үнемі же­ңіске жетіп келеді. Фрацуз ұлтының әкесі де Голл­ьдің үлкен ерлігі – генералдардың қар­сы­лығына қарамастан Франция отарла­ры­нан, соның ішінде Ал­жир­ден бас тартуы еді. Югославия лидері Йосип Броз Титоның ком­му­нистік титоизм ба­ғы­тының мазмұны – ка­пи­талистік елдер­мен бейбіт аралас-құра­лас­тыққа баруы, жұ­мыс­шы коллектив­тері­не дербестік беруі болды. Үнді көсемі М.Ганди­дің гандизм жолы – тәуелсіздікке бей­біт қол жет­кізу, кас­та­лық теңсіздікпен кү­рес тек үнді тауарларын тұтынуды ұран етті. АҚШ пре­­зиденті Рональд Рейган ұстан­ған рей­гано­мика бағыты- та­уар сұранысына негіз­дел­ген экономика құру, салықты азайту, мем­­лекеттің экономикаға арала­суын шек­теу, ақша массасын қысқарту ар­қылы инфляцияны төмендетуге болды.

http://alashainasy.kz/politics/44758/