АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сербияда жеткіншектер мигранттарды заңсыз тасымалдаған [:]

[:kz]

__40Сербияда күштік құрылым өкілдері бір апта ішінде Венгрия аумағына заңсыз өткен 130 мигрантты ұстап, кері қайтарды. Сондай-ақ көрші елге аспақ болған тағы жарты мыңдай азаматтың жолына тосқауыл қойылды. Арнайы іс-шара барысында босқындарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан 3 күдікті де тұтқындалды. Олардың екеуі кәмелетке толмаған жеткіншек болып шықты. Айта кетейік, бүгінде Сербияның Венгриямен шекарасындағы мигранттар лагерінде 600-ден астам адам тұрып жатыр. Будапешт шектеу қойғалы бері олар Еуроодаққа өте алмай отыр. Көрші ел билігінен шекарасын ашуды талап еткен босқындар наразылық шарасы ретінде аштық жариялаға

Источник: http://24.kz/kz

[:]