Кәріс пен Қытай телеарналарына тәуелді болған көпшілік көп нәрсені байқай бермейді. Телепродюсерлердің басым көпшілігі олқылығы көп сериалдарды қалың көпшілікке жолдап келеді. Егер сіз де аталған өңірдің сериалдарын жіті назармен қарап отырсаңыз, онда міндетті түрде бір кілтипан тауып қалар деген ойдамыз.
Сериалдағы олқылықтар туралы не айтасыз?
Ескі заманның кейіпкері қолына жаңа заманның оттығын ұстап алса не болады. Әрине, «Sina Weibo» сайтының бір қолданушысы оны туиттеріндегі парақшасына салып қояды.
«Сарай құпиясы» сериалындағы кейіпкерлердің бірі алтын сағат тағып алыпты. Осы бір көрініс Қытай интернетін біршама шулатып келді. Біреулер болашаққа саяхат деп ойлап жүрген сыңайлы.
Кәріс сериалы болуы мүмкін… Көлік ішінде кетіп бара жатқан бойжеткенді әр қашықтықтан көрсетеді. Бірақ, әр жолғы қашықтықта белбеудің бірде артқа, бірде алға шығып кеткенін байқаймыз. Ал кейбір қылжақбастар жарты жолда белбеуді алыс тастау керектігі туралы заң шығарамыз деп жүр.
1937-1945 жылдардың сұрапыл кезі көрініс тапқан. Көріп отырғандарыңыздай, түсіру алаңында осы заманның көлігі кетіп бара жатыр.
«Қызыл шие» сериалында сонау 1970 жылдардың оқиғасы өрбиді. 2012 жылдың жазында тіркелген көліктің не қатысы бар екен…
сурет:mixednews.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек