АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Серик Кудайбергенов. Елбасының жеке бақылауында тұр[:]

[:kz]

20150110173658Еліміздің агроөндірістік кешенінің дамуы және оған қатысты проблемалар Мемлекет басшысының бақылауында тұр.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысына жасаған жұмыс сапары, оның осы өңірдегі шаруа қожалықтарын аралап шығуы соның дәлелі. Бүгінде біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке, кеше ғана мүмкін емес болып көрінген нәтижелерге қол жеткізіп отырған Алматы облыстық фермерлерге барлық жағынан ризамыз. Былтырғы жылы Алматы облысының қызылша өсірушілері 120 мың тонна тәтті түбірлі өнім алған болса, биылғы жылы бүкіл рекордтық көрсеткіштерден асып түсті. Бұл өңірдің фермерлері биылғы жылы өткен жылғы өнім көлемінен екі есеге көп, 240 мың тонна қант қызылшасын аламыз деп отыр.

         Шаруа қожалығының басшысы Герман Нам президентпен кездесу кезінде өңірдегі өнім жинау жағдайын былай деп жеткізді:

Былтырғы жылы біз 120 мың тонна қызылша жинадық, ал оған дейін, біздің командаға дейін 20 мың тонна ғана жинайтын болған. Бізде ммүмкіндік болмады, Сіздің қолдауыңыз болмады. Қызылшаны 20 гектарға ғана егетінбіз, ал қазір 200 гектарға дейін көбейттік. Қызылша егетін егістікті 500 гектарға дейін ұлғайту жоспарымызда бар, 500 гектарды жинап алуға техникамызды да сайлап қойдық. Сондықтан елімізде қант жеткілікті болады. Мемлекет қолдап отыр. Сапалы ұрықпен, субсидияланған арзан минералдық тыңайтқышпен, гербицид, жанармаймен қамтамасыз етеді. Биылғы жылы жаңа техниканы сатып алуға миллиард теңгеден астам қаржы бөлінде. Қол күшінің орнына комбайндар келіп, бұрын түсімізге кірмеген нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз.

Сонымен Қазақстанның ауылдық тұрғындарына қатысты мемлекет қандай саясатты ұстанып отыр? Президент фермер Герман Наммен кездескен кезде осы туралы айтты.

– Мемлекет еңбектің өнімін, дайын өнімнің құнын субсидияландырады. Мемлекет бұрынғыдай жыртылған гектарларды емес, дайын өнімді субсидияландырады – бұдан былай сен өндірген қантқа шикізаттың емес, мүлде басқа баға беріледі. Сендер бай болуы үшін осыны жасап жатырмыз. Қазақстан үшін қант өндірудің стретегиялық маңызы бар, елдің өзіндік даму жоспары бар. Оның үстіне республика жыл сайын 450 мың тонна қантты тұтынады, ал 90 пайызы импорт. Бұл өзіміздің өндіріс болған күннің өзіндегі көрсеткіш. Бірақ іс жүзінде біз қолымыздан келетіннің азғана бөлігін ғана өндіреміз. Қант өндіретін Көксу зауытын іске қосқаннан кейін және тағы екі шаруа қожалықтарын жаңартқаннан кейін өнімді таратуға кепілдік пайда болды. Осының бәріне тәтті түбірдің бір келісіне сатып алу бағасы жоғары. Соя, майлы, дәнді дақылдар да биыл былтырғыға қарағанда жақсы өнім беретін сияқты, Алматы облысы бұл еліміздегі соя өсіретін жалғыз ғана өңір. Бұл дақыл еліміздің ішкі тұтынуын қанағаттандырып қана қоймай, Ресей, Өзбекстан, Қытай елдеріне экспортқа шығарылады. Жақын уақытта Иран, Сербия, Орталық Азия елдері серіктес болмақ. Сұраныс бар, сондықтан сіздерге өнім көлемін ұлғайту керек, — деп қадап айтты Елбасы. 

— Біз бүгін кооперацияны дамытып жатырмыз, сіздердің зауыттарыңыз толық күшінің 40 пайызын ғана пайдаланады. Неге, өйткені малды үй шаруашылықтарында өсіреді, оларды алып ет комбинатына апаратын ешкім жоқ, осының есебінен жұмыс істеп тұрған ет комбинаттарын міндеттегім келеді.

 

[:]