Мәке, Сәке, Бәке – заманауи қазақы ағашқаларымызды телефонмен хабарласқанда осылай атауды әдетке айналдырдық. Жапондықтар өзінің тікелей бастығына құрмет көрсету мақсатында оның есімінің соңына «сан» деген демеулікті қосады, егер ағылшындар сөз арасына мідетті түрде «сэр» дегенді қосса, қазақтар, керісінше, әңгіме барысында бастығы атының бір бөлігін алып тастайды.
Әрине, бұл өте ыңғайлы, өйткені кейбір қазақы аттарды толық айтуда оңай емес. Мәселен, «Сейдахметқазы Әбдіжаппарұлы» дегенді йтқаннан көрі «Сәке» дей салған неғұрлым ыңғайлы емес пе. Сонымен қатар, бұл өзіңнің оған деген құрметіңді білдіреді.
Сонымен, өзіміз сыртынан зілсіз мазақтайтын қазақы ағашқалар институты дегеніміз не? Егер көрші Ресейде өткен кғасырдың жетпісінші–сексенінші жылдарында болған «төре ұрылар» бейресми қокғамдық ұйымының мүшелері жеке тұрмыста тақуалықты ұстанып, билікпен қызметтесуден бас тартса, қазақы ағашқалар биліктен ешқашан бас тартқан емес, өйткені олардың көпшілігі биліктің өзі болып табылады. Атап айтарлығы, бұл жерде нысанда, мазмұнда ерекше рөл атқармайды. Қазақы ағашқа бір мезетте ресми және бейресми көшбасшы болуға қабілетті. Көп ретте солай болатын-да.
Ағашқаларымыз ешқашан тақуа болған емес. Дені түзу адам бас тарта алмайтын қазақ тағамдарын – бесбармақты, қуырдақты, қазыны, қымыз бен шұбатты көз алдыңа елестетсең, оны түсіну қиын емес. Осындай мол дастархан басында шәй құйып отыратын, қарасаң көзің тоймайтын, қазақ аруларын айтпағанда. Қысқасы тақуалық қазаққа тән қасиет емес.
1. Ағашқаның айтқаны әруақытта дұрыс
Егер олар туралы айтылатын түрлі анекдоттар мен жалған аңыздарды қоспағанда, ағашқаларымыздың көпшілігі көп нәрсені көрген азаматтар. Аталмыш институттың жарқын өкілдері туралы былай деуге болады: «Әр ағашқа – ер жігіт, бірақ әрбір ер жігіт ағашқа емес». Бұл жерде мәселе олардың денсаулығында, тіпті, қалтасының қалыңдығында емес. Сен керемет сотқар және бай адам болсаң да, ағашқа болу сенің маңдайыңа жазылмауы мүмкін. Ағашқа таңдау болмаса, соғыс пен төбелестен бас тартпайтын, бірақ кез келген дауды ақылмен шешуге тырысатын азамат. Қанша әйелі болса да, мейлі біреу, мейлі төртеу, ағашқа ешқашан олардың айдауымен жүрмейді.
Ағашқа әділ. Ол әруақытта дұрыс шешім таба біледі. Ал егер таба алмаса, мәселені ағашқалардың біріккен консилиумы орнына қояды. Осылармен бір мезете кез келген ағашқаның негізгі қасиеті – өзінің маңындағы жақын туыстары мен үзеңгілес серіктеріне көрсететін әлеуметтік көмегі. Тойларды, салтанаттар мен қайтыс болғандарды жерлеуді ұйымдастыру және өткізу ағашқалардың қатысуынсыз өтпейді. Ондай кезде адамдар былай дейді: «Тыңдаңдар, Мәкеңді күтейік. Ол қалай айтады, солай жасаймыз».
Ал енді, ең маңыздысы, Қазақстанда барлығы өзі руында ең үлкен ағашқаның кім екенін, өндірістік ұжымның, еліміздегі бас ағашқаның кім екенін жақсы біледі. Атап айтарлығы, өзінің міндеттерін мінсіз атқаратын ағашқалардың рөлі айтарлықтай сынға алынбайды. Ол ол ма, ағашқа, тіпті, зейнеткерлікке шықса да, ел құрметіне бөленген, толыққанды ағашқа болып қала береді. Кез келген дастархан басында олардың орны тек төрде. Бұл тәртіпті бұлжытпай орындай алмаған үй иесі нашар адам.
Құрметке айырбасталған қолдау
Жоғарыда айтқанымыздай, әр ағашқаның мойнына артылған жүк – өз маңайындағыларға әлеуметтік қолдау көрсету. Өсіп келе жатқан қазақ жастарына келсек, олар да ағашқалардың көмегіне сенім артады. Жібі түзу ағашқалар ондай жастарға тіркеуге, жұмысқа тұруға, білім алуға қолдау көрсетуге тиіс. Сол еңбегі үшін ары кетсе, туыстары мен жақындарының алғысына бөленер. Яғни, ағашқалар немқұрайдылықтың шырмауына шырмалған халық үшін жұмыс істейтін әлеуметтік қызмет шарасыз болған жерде бой көрсетіп, сол олқылықтардың орнын толтырады. Мұны таныс-тамырлық, трайбализм немесе басқа жаман сөзбен атауға да болады, бірақ оның артында қарапайым адамгершілік пен жақынға көмек көрсету ниеті тұрады. Ниеті түзу ағашқалар үшін бүл – туысқандары алдындағы міндет. Бірақ кейбір туыстар мұны біле отырып, осындай ағашқаларды өз мақсаттарында пайдалануға тырысады. Алайда кейде олардың қаһарына ұшырауы мүмкін.
Тарих…
Алайда мұндай адамгершілік пен рақымшалық туралы сөз қозғай отырып, мұндай «жақсылықтың» көп рете мүлдем тегін болмайтынын айтқым келеді. Оның өз тарихы бар. Ресейдегі қатаң озбырлық жағдайында қалыптасқан «төре ұрылар» қылмыстық қауымдастығына қарағанда, қазақы ағашқалар институты әлеуметтік баспалдақпен жоғарыға ұмтылған тұлғаға қарапайым адамдардың қолдауына ие болуды талап ететін кең байтақ қазақ даласында қалыптасты. Ал ол үшін қарапайы адамдардың құрметі мен сеніміне ие болу қажет еді. Міне, осындай құрмет пен сенімге ие болған Шыңғысхан құлдың қарғысынан құрлықтың алтыдан бір бөлігін билеген әміршінің тәжіне дейін қол жеткізді.
Осы орайда, мысал ретінде мына оқиғаны алуға болады. Бірде хан бастаған қалың қол азық-түлік қорын толықтыру мақсатында үлкен саятшылық құру үшін шағын халық мекендейтін аумаққа кіреді. Сөйтсек, олар да өздерінің азық қорын жабайы құландар мен қабандардың етімен толықтыру үшін саятшылыққа шығыпты.
Сол кезде күші олардан қаншалықты басым болса да, Шыңғысхан оларға соқтықпайды. Керісінше, осы аз халықтың көсеміне өзінің орнына осынау үлкен саятшылыққа басшылық жасауды ұсынады. Бұл үлкен құрметтің белгісі болатын. Ал аң аулау аяқталған соң әлемнің болашақ әміршісі кез келген әккі дипломатқа құрмет жасайтын қадамға барған. Шыңғысхан түскен олжаның басым бөлігін осы қарапайым адамдарға бергізген. Сөйтіп, олардың шынайы сүйіспеншілігі мен алғысына бөленген.
Ал біраз уақыттан кейін осы аз халықтың ұлы қолбасшы басқарған тйпалар одағына өз еркімен кіргенін айту артық шығар. Өздеріңіз көріп отырғандай, Ұлы қазақ даласындағы кез келген қазақ ханы, сұлтаны, биі немесе дәулетті адамдары өз тайпаластарының құрметі мен қолдауына ие болуға тырысты. Әйтпесе, бірде ұйқыдан оянғанда, еліңнің өзіңді көште тастап кеткенін көруің ғажап емес.
Интернационал…
Жоңғар басқыншылығы мен Сталин содырлығын бастан өткерген қазақы ағашқалар институты Ұлы далада бірнеше ғасырдан бері жасап келеді.
Ал бүгінгі жаһандану заманында оның даму перспективасы қандай? Біз бұл институттың интернационалдық сипатқа ие болып, ағашқаларымыздың өз командасына туыстық сипатқа емес, серіктестерінің кәсібилігіне қарай қабылдап жатқанын көріп отырмыз. Өйткені қатаң бәсекелестік күресте қарсыластарына төтеп беру қажет. Сонымен қатар, бүгін Қазақстанда тұрып жатқан басқа этностардың өкілдері қазақы ағашқалар институтының көшірмесі болатын өздерінің қоғамдық құрылымдарын құруда. Сөйтіп, Қазақстанда корей, орыс, ұйғыр ағашқалары пайда болуда. Атап айтарлығы, бұл қоғамдық формацияның кеңеюіне қандай да бар белгілі идеологияның жоқ болмауы ешқандай әсер етпеуде. Қазір ағашқалар мемлекеттік тудың астында, ресми патриотизнің шеңберінде және ұлттық патриотизмнің аясында жұмыс істей алады. Кейде, тіпті, бейтарап жағдайда да жұмыс істей береді. Өйткені олардың қызметінің тиімділігі идеологиялық догмалармен емес, команда мүшелерінің тұрмыс деңгейімен өлшенеді. Бұл алғашқы коммунистерге тән болатын.
Сондай-ақ елімізде шағын және орта бизнестің дамуымен қатар қазақы ағашқалардың саны артуда. Осы орайда, шағын және орта бизнес олардың дүниеге келуіне жағдай жасайтын кіндік шеше іспеттес. Мәселен, кеше ғана жылқышы, жүргізуші, тракторшы болған азаматтардың уақыт өте фирма, дүкен, мейрамхана иелеріне айналған, ел құрметіне бөленеген ағашқалар болғанын өз көзімізбен көріп жүрміз. Бұл XXI ғасырдың қазақы ағашқалардың ғасыры болуы мүмкін деген ойды тағы бір рет дәлелдейді Сөйтіп, ол ұлы мәртебелі ренессанстың болуы да ғажап емес.
Аударған Қайрат Матреков.